Kazakh (CIS)Russian (CIS)
Талдықорған қаласы,
Қаблиса Жырау көшесі 69 А үй
Тел: 21-08-15, 21-09-33
Сенім телефоны - 119
departament_2010@mail.ru
     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 

 Портал государственного языка

 

Негізгі Мақалалар мұрағаты Еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы

 18.10.2012ж.

                                          Еліміздің негізгі  заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы

 

         Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі – бұл жаңа дәуір шекарасы, өткені мен бүгіні және келешегі арасындағы тығыз байланыс.

ҚР Конституциясы 30.08.1995жылы республикалық референдумда қабылданды. ҚР Заңымен 07.10.1998жылы және 21.05.2007 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

         1991 жылы қаңтар айында ССРО тарихында құлдырау басталып, толығымен құлады, ондаған мемлекет тарады. «Қайта құру» сөзі Қазақстан халқына ұлттық  теңестірудің қайталанбайтын процесінің бастамасы болды.

         1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет бүкілхалықтық еліміздің Президентін сайлауы өткізіліп, Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Жаңа тұрмыс тіршілікке  Еліміз сенімділікпен және үлкен үмітпен өтті. Егемендік шеруі экономикаға, қоғамға, адамдарға ауыр соққы болды. Осыған қарамастан  Елбасымыз Қазақстан ашық, еркін, тәуелсіз ел  болатынын үлкен сеніммен айтты. 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ ССР –ы мемлекеттік егемегндігі туралы» Декларациясы қабылданды. Бұл жаңа мемлекеттің  алғашқы заңды актісі болды. 10 желтоқсанда «ҚССР атауын өзгерту туралы»

Заң қабылданды және 16 желтоқсанда ҚР «ҚР мемлекеттік егемендігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданды.Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның негізгі идеясы – мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі барлық мәселелерді шешуде Қазақстан биліктің барлық мүмкіншілігін пайдалану. Декларацияда барлық азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар үшін тең құқықтық мүмкіншіліктер, заңнамалық, атқарушы және сот биліктерін бөлу принциптері бекітілді.

         1991 жылдан бастап демократиялық құқықтық мемлекет құрылысы басталды. Бұл халықтың өз таңдауы еді. Қазақстан бірінші рет демократияның  бұлжымайтын принциптері, адамдар мен азаматтардың құқығы басымдығы, әркімнің еркін дамуы мен лайықты өмір сүруіне құқылы деп тануы туралы мәлімдеді. Осы жылдары тұтынушылар нарқында  көптеген өзгерістер болды. Ең қиыны баға ымырашылдығы мен халықты әлеуметтік қорғау мәселесі болды. «Баға ымырашылдығы жағдайында халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлық қабылданды. Азық-түлік тағамы мен күнделікті сұраныс тауарларына бағаны мемлекеттік реттеу  дәуірі аяқталды. Жағдайды тұрақтандыру және нарықтық экономикаға өту үшін елімізде еріксіз «қарқынды реформа» енгізілді. Осы реформалар саясатын және толығымен нарықтық қатынасты еліміз зор сүйінішпен қарсы алмады. Бірақ Президент шешімді түрде әрекет жасады.

         Осындай ауыр өтпелі кезеңде мықты және бірыңғай билік, мемлекеттік саяси көшбасшысы елімізді командалық-әкімшілік жүйеден нарықтық жүйеге алып шықты. Осылайша президентпен мемлекеттік биліктің тиімді жүйесі құрылды.

Әлемдік экономика мен саясатта болған түбірлі өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ еліміздің ішкі даму динамикасы қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалуға жол бермейді. Алдыда ҚР Конституциясы принциптері мен құқықтық идеяларды әрі қарай орындау міндеттері тұрды. Осы саладағы қоғамдық  және  мемлекеттік институттар күші еліміздің негізгі Заңын орындау Стратегиясына шоғырландырылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Конституция принциптерін бұлжытпай орындау  және төменгі және жоғарғы деңгейдегі актілер нормасын сәйкестендіру қажет болды.

         АХАЖ органдары өз қызметін еліміздің Констиитуциясына сәйкес жүзеге асырады. Негізгі заңның 2 бөлімі «Адам және азамат» Қазақстан Республикасы халқының құқығы мен міндеттерін ашады.

          ҚР Конституциясының 27 бабында неке және отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекеттің қамқорлығында делінген.

         АХАЖ органдары азаматтық хал актілерін тіркеумен айналысады, яғни заңды түрде адамдарды жекелейтін және оның құқығы мен міндеттерін тоқтатуға байланысты жағдайларды рәсімдейді. АХАЖ органдары адамның барлық, яғни  туғаннан бастап өлгенге дейінгі мәліметтерін тіркейді, сонымен бірге қажетті түзетулер, өзгертулер, қосымшалар енгізеді және жазуды жоққа шығарады.

         Әлеуметтік және қоғамдық өмірде көптеген өзгерістер болды, сондықтан неке-отбасылық жағдайларды реттеуге қажет жаңа заңнама актілері талап етілді.

         26.12.2011 жылы ҚР  жаңа «Неке (жұбайлық) және отбасы туралы» Кодексі қабылданып, 18.01.2012жылы күшіне енді. Кодекс барлығы 283 баптан тұрады, оның 110-ы жаңа баптар екенін айта кету керек. Бала асырап алуға қатысты көптеген өзгерістер бар, мысалы, заңды некеде тұрмайтындар бала асырап алуға болмайды.

         Неке қию үшін өтініш берген кезде тұрақты мекен-жайы талап етілмейді, яғни некені еліміздің кез келген елді мекенінде қиюға болады.

         Әкімшілік-құқықтық реттеу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандарты енгізілді. АХАЖ органдары 15.12.2009 жылы ҚР Үкіметінің №2121 қаулысымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік стандартын басшылыққа алады.

         Елбасының Қазақстан халқына 18.02.2005жылғы  Жолдауын іске асыру жөнінде  жалпыұлттық жоспарын орындау үшін, 2005-2007 жылдарға арналған «электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасын орындау негізінде және «жеке тұлға» мәліметтері мемлекеттік базасын қалыптастыру, ҚР 12.01.2007ж. «Бірыңғай нөмірлер ұлттық реестрі туралы» Заңын енгізуге байланысты АХАЖ бөлімдерінде 01.01.2006ж. енгізілген «Жеке тұлға» АХАЖ-АХАЖ ЖБ ақпаратты жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Азаматтық хал актілері тіркеудің барлық түрі электрондық түрде рәсімделеді.

         Тууды тіркеу кезінде бірыңғай нөмірлердің ұлттық реестрін толтыру және өлуді тіркеу кезінде бірыңғай нөмірлердің ұлттық реестрінен шығаруды үзіліссіз және сапалы қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.

         Қазақстан Республикасында адамның құқығы мен еркіндігіне туғаннан бастап кепілдік беріледі  және мойындайды. Республика азаматы өз азаматтығына құқылы және жауапты.

        Отбасы – бұл мемлекет негізі. Конституция – еліміздің азаматтарының игілікті және лайықты өмір сүруіне кепіл.

 

 

Іле аудандық

Әділет басқармасының

АХАТ бөлім бастығы                                         Б.Кашеева

 

 

 

 

 

 IMG_670411

Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы

 Б.Т. Есенбеков

Required *

Вы не указали Ваше имя!

Сiз E-mailдердiң көрсетпедiңiз!

Сiз қатынастың мәтiндерi енгiзбедiңiз!

  Refresh Captcha  
 
 
 
2010 © Алматы облысы Әділет департаменті сайт серiктестiкпен жасалған Сайттардың жасауы, сайттардың өңдеу және бақылап отыруы, алға басу, хостинг