Дұғалар жинағы
Дұға – құл мен Ұлы құдірет иесі Алла тағаланың арасындағы ең берік байланыс құралы. Мүмкіндіктері шектеулі пенденің асыл-мұраттарын құдіреті шексіз Жаратқанға білдіріп, жәрдем тілеуі.
Алла тағала адамзатты ерекше махаббатпен жаратып, сансыз нығметке бөледі. Адамның жаратылуының басты мақсаты – Ұлы жаратушыны танып-біліп, оған мінәжат қылып бас ию. Сондай-ақ дұға – ғибадат болып табылады. Ол – пенденің дәрежесін көтеретін құлшылық. Пенде неғұрлым кішірейіп дұға қылса, Ұлы Жаратушымыз да оның мәртебесін соғұрлым жоғарылатып, асқар биіктерге шығарады.
Жаратылысқа зер салып қарайтын болсақ, жанды-жансыздың бәрі де өз тілдерімен бір Алланы еске алып, оған зікір, мінәжат қылып тұрғанын аңғарамыз.