Алла елшісі ﷺ: «Дұға – бұл ғибадаттың өзі» деген. Құран Кәрімдегі «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін», «Құлдарым сенен келіп сұраса, білсін, Мен оларға өте жақынмын. Дұға етушінің дұғасына жауап беремін» деген аяттар қаншалықты маңызды екенін білдіреді.
Берілген мақалада дұғаға дайындалу әдебі мен оны дұрыс жасау нұсқаулығы қамтылған. Аллах Тағала біздердің дұғаларымызды қабыл етсін, әумин!
Дұғаға қалай дайындаулымыз қажет?
Әлхамдулиллаһ, сіз кез-келген уақытта Аллахқа бет бұрып, қалаған нәрсеңізді сұрай аласыз. Дұғаны ұйқыдан оянап салып немесе жатар кезде, көпшілік ішінде немесе жалғыз қалғанда, қиыншылық не қажеттілік туындағанда саналы түрде немесе бейсана реакция түрінде жасай аласыз. Сондай-ақ, дұғаны кез-келген тілде және барлық жағдайларға қатысты сұрауға болады (басқаларға жамандық/зиян тілеу мен діңге қайшы тілектерден бас).
Дуа жасаудан бұрын дәрет алыңыз
Дуа жасар алдында дәрет алу міндетті шарт емес. Алайда, дәрет жасау тазаланып, Аллахпен сұхбаттасуға ниеттеніп, дұрыс оймен әзірленуге көмектеседі.
Әбу Мұса әл-Ашари (оған Алла разы болсын) айтқан: «Пайғамбар (с.а.с.) Хунайн шайқасынан кейін су сұрап, дәрет алып, содан кейін қолдарын жоғарыға көтеріп, алақанын жайып: «Уа, Алла! Убайд Аби Амирді Кешір!’ деп дұға еткен» [Сахих әл Бұхари хадистері]
Дұға жасағанда Құбылаға бет бұру
Дұға жасау барысында Құбылаға бет бұру да міндетті емес. Алайда, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) кейде төмендергі риуаятта айтылғандай жасаған:
«Абдулла бин Зәйд (оған Алла разы болсын) айтқан: «Алла Елшісі (с.а.с.) Аллаһтан жаңбыр сұраған кезде (Истисқа) Құбылаға қарап дұға жасады…» [Сахих әл Бұхари хадистері]
Дуға жасағанда қолдарыңызды көтеріңіз
Дуаға қолымызды көтеру-бұл сүннет. СубханАллах, оның артында осындай керемет мағына бар! Қолдарыңызды көтерген сайын келесі хадисті есте сақтауға шақырамыз:
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) айтқан: «Расында Раббыларың Хай (Тірі), Карим (Жомарт), пендесі қол жайса, құр алақан қайтаруға ұялады» [Әбу Дәуд хадистері]
Дереккөз muslimhands.org.uk
Аударма: Ботагөз Тұрсынқызы