Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 24-52-90, 24-51-44

departament_2010mail.ru

Правовая информационная служба

119 бесплатный звонок

 

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 

 Портал государственного языка

Главная Архив статей Тіл тағдыры – ел тағдыры

iCA5XPPL0

09.08.2011ж.

 

Тіл тағдыры – ел тағдыры

 

    Тіл-  халықтың  тағдыры, дүниетанымы, салт- дәстүрі. Өз тіліне, айырылған ұлт сол ұлтқа  тән барлық құндылықтарды жогалтып, жеке  өзіндік ойлау жүйесінен  айырылады. Ұлттық тіл, ұлттық рухани байлық, ұлттық мінез- құлықтан айырылған  ұлттық болашағы да жоқ.

    Қоғамдағы   мәдениетке жеткізетін, қоғамдық ой- сананы биікке көтеретін, қуатты да құдыретті ана тілі- қазақ тілін біз өз деңгейінде қолданысқа енгізіп келеміз бе? Дәл қазіргі уақытта қазақ елі жаһандану дәуіріне қадам басып келеді. Яғни, соңғы жылдары елімізде шетелдік фирмалармен алыс- беріс жасап, ынтымақтаса жұмыс істеу көбейді. Нарықтық экономиканың  халықаралық деңгейдегі сауда- делдалдық, көлік, қаржыландыру мен кредиттеу, жарнамалық қызмет, халықаралық көрмелер, аукциондар, халықаралық экономикалық  қатынастар т.б алуан түрлі салалар жұмысын күшейтті. Демек, дәл осы уақытта өркендеген елде тіліміздің құрылымы мен жүйесі дами түсіп, аса күрделі құбылыстарды дәл бейнелейтін қабілеті арта береді.

    Тіл- халықтың дамуымен тарихтың шеруімен, белгілі оқиғаларға орай байып отыруы керек. Жаңа ұғымдар, жаңа терминдер қалыптасу керек. Ол жаңадан енген терминдерді де өзімізден табу мүмкін емес немесе шарт емес. Міне, дәл осылай тіліміз күрделене береді. Қазақ тілі- түпкі табиғатында  ауқымы кең, оралымды, әрі аса бай тіл. Біз осы тілімізді толық иегере алдық па? Толық иегере алмай жатуымыз – сол ұшан байлықтың көрінісі. Оған жаңа терминдерді қосыңыз.

    Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» деген қанатты сөзімен мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру туралы үнемі алға қойып келе жатқан міндеттерін орындау аясында көптеген жұмыстар да атқарылып жатыр.

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламы» , «Мемлекеттік  тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге, қабілеттігін арттырудың 2007- 2010 жылдарға арналған  тұжырымдамасы» т.б мемлекеттік  тіліміздің мәртебесін көтеруге және дамытуға арналған құжаттар бар. Аталған құжаттардың іс жүзінде орындалуына да көптеген жұмыстар атқарылды және атқарыла бермек.   Ескелді  аудандық әділет басқармасы осы салада ықпалды жұмыс атқара отырып, іс - жүргізуді толығымен мемлекеттік тілге көшірді.

    Ия, қазақ ұлтының қасиетін білгің келсе Абайды оқы, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов т. б. ғұламалардың шығармаларын  парақта. «Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов  айтқандай, ана тіліміздің мәртебесін көтеру әрбір қазақ шаңырағы өз отбасынан бастау керек. Әр ана мен әке өз баласына оның қазақ екенің, өз ұлтынан  биік ұлттың жоқ екенін, қазақ ұлтының салт- дәстүрлерін бойларына сіңіре білсе, ол бала – отан сүйгіш, болып өседі. Демек, нағыз азамат, нағыз қазақ ең бірінші отбасынан алған тәрбиесінің жемісің, игілігін  ең бірінші өз отбасына және еліне көрсетеді. Сондықтан , еліміз бен жеріміздің ертеңгі иесі- отаншыл, білімді ұрпақты тәрбиелеп өсіру әлемдік өркениет көшіндегі өз орнымызды анықтау болып табылады.

    Қазақстанның  гүлденуіне, биіктерден көрінуіне Қазақстандағы әрбір қазақ азаматының  ана тілінде сөйлеуіне, жақсы білім алуына, өз құқығын білуіне міндетті. Елдің тірегін берік ұстау тек өзімізге  байланысты. Рухымыздың биік, отан сүйгіштік қасиетіміз жоғары болса, тіліміздің де мәртебесі де үстем болмақ!

 

Ескелді аудандық Әділет басқармасының

маманы Д.Керимбаева

 

IMG 670411

Руководитель Департамента Юстиции Алматинской области Есенбеков Б.Т.
 

Требуется *

  Refresh Captcha 
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг