Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 24-52-90, 24-51-44

departament_2010mail.ru

Правовая информационная служба

119 бесплатный звонок

 

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 

 Портал государственного языка

Главная Архив статей АТА ЗАҢ – АЛТЫН ЗАҢ

12828874601

12.08.2011ж.

 

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай.

 

 АТА ЗАҢ – АЛТЫН ЗАҢ

 

   Ата Заңымызбен өзге ұлттың өкілдері түгіл, өз ұлтымыздың өкілдері ұмыта бастаған, тұнығы таза, иірімі күшті, қолдануға икемді, айтайын деген ойымызды төте де, жанамалай да, әзіл-қалжыңмен де, астарлай да жеткізуге мүмкіндігі мол ана тілімізге биік, мемлекеттік мәртебе берілді.

   Қазақстан Рспубликасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы, мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасауға міндетті екені Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында атап көрсетілген. Мұның өзі мемлекеттің, ұлттың сақталуының, дамуының алтын тірегі қазақ тілі екендігі дәлелдейді.

  Ұлтымыздың негізгі қасиетті белгісі ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуі, халықтың қымбат қазынасы, рухани байлығы, салт-санасы, әдет ғұрпы мен мәдениетінің өркендеуіне кеңінен жол ашты, тектері өзге тілдің негізінде жазылып кеткен қазақ азаматтарына өз тілінде қайтадан өңдеп, қазақша атаумен өз ата тектерін жаздырып алуға мол мүмкіндік берді.

   Егемен еліміздің негізгі Заңы біздің қоғамымыздағы қайта құру кезеңінің өзекті мәселерін шешумен қатар, сынды өткелдерден сүрінбей өткізетін бас құжат болды,  тәуелсіз жас мемлекеттің басқару, атқару және заң шығару орындарын, елімізде демократиялық қоғам құрудың принциптерін белгіледі.

   Тарихқа үңілсек 1991 жылы Қазақ ССР-нің егемендік алып, Қазақстан Республикасы аталуы, қазақ халқының тарихындағы маңызы зор елеулі оқиға болды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы 1993 жылы қаңтар айының 28 қабылданып, өзінің саяси экономикалық және әлеуметтік құрылымын дамыта бастаған жаңа мемлекет қалыптасты.

   Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған, биылғы жылы қабылданғанына 16 жыл толған Конституциясы әлемдік стандартқа сәйкес келетін саяси экономикалық және әлеуметтік мәнге ие болды.

    Конституция әлемдегі көшбасшы елдер – Франция мен Германия мемлекеттерінің конституцияларының негізінде қазақ халқы мен Қазақстанды мекен еткен басқа да ұлттардың ерекшеліктері ескеріле отырып  жобаланған және көп ұлтты Республика аумағында ұлттардың бейбіт және өзара тату тұруына, өзге ұлт өкілдерінің дамуына жағдай жасау көзделген.

    Конституцияда Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітілген және тұңғыш рет адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және міндеттері нақты түрде жарияланды.

   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және басқа халықаралық құжаттарда бекітілген құжаттармен іс жүзінде толығымен қамтылды.

   Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында: “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық, халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыратындығын, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға беретіндігін, Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайтындығын, билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланатындығы, халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ Парламенттің де құқығы бар екендігі, Республика Үкіметі өзіне берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізетіндігі” атап көрсетілген.

   Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады.

    Конституция бойынша еліміздің басқару билігінің үш түрі – заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің құзыреттері нақтыланады. Биліктің заң шығарушы тармағы – Парламент, атқарушы тармағы – Үкімет, сот билігін тек қана сот жүзеге асырады.

   Өткен 16 жыл ішінде Конституциямызға бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілсе де, ол өзінің негізгі қағидаларын жоғалтқан жоқ. Ол еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуына мол ықпалын тигізді.

   Аумағы ұшқан құстың қанатымен, жер апшысын қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де  келісті өлкені мекендеген қазақ халқы, ел болып егемендік алып, еңсесін тік ұстап, туын көтеріп осыдан 16 жыл бұрын, яғни 1995 жылы тамыз айының 30 күні тәуелсіз ел - Қазақстан Республикасының Ата Заңын (конституциясын) қабылдап, үш жүз жылдан аса уақыт еркіндігінің темір құрсауы қамытына айналған бодандықтан құтылып, тарихтың жаңа үрдісіне бет бұрып, бостандық, тәуелсіздік жолына түстік.

  Казақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтай отыра отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, еліміздің, мемлекетіміздің дамуы жолында қажымай, талмай еңбек етулеріңізге тілектестік білдіреміз..

 

 

Кербұлақ ауданы Әділет басқармасы

А.Шалшыкбаева

 

IMG 670411

Руководитель Департамента Юстиции Алматинской области Есенбеков Б.Т.
 

Требуется *

  Refresh Captcha 
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг