Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Президента РК 

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 Портал государственного языка

Главная Архив статей «Сыбайлас жемқорлық - Ғасыр дерті»

GetImage1

27.08.2011ж.

 

«Сыбайлас жемқорлық - Ғасыр дерті»

 

  Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейі айтарлықтай төмен болып табылатын көптеген елдер бар. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге бағытталған іс-қимылдардың елеулі табыстарға жеткізгендігіне күмән жоқ.   Бұл «дертті» емдеуге болатынын, сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерінің бар екендігі және принципті әр жүйелі сипатқа ие болған жағдайда, олардың айтарлықтай тиімді болатынын білдіреді.

  «Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз-бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» –, деп Аристотель айтқан екен. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар мен өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ»,-деген екен ежелгі ойшыл ғалым.

  Жемқорлық белең алған жағдайда еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосыла алмайды. Экономикамыздың дамуына, әлеуметтік жағдайымыздың бәсеңдей түсуіне әкеліп соқтырады. Ең бастысы Конституциямызға нұқсан келеді. Конституция – мемлекеттік құжат. Сондықтан жемқорлықтың саяси қауіпті жақтарын университетімізде білім алатын студент-жастарға түсіндіруіміз керек,» -деді.

  Президентіміз Н.Назарбаев жемқорлықпен күрестің жалпыұлттық жоспарын жариялады. Онда жемқорлықпен күрестің нақты және тиімді жолдары айқындалған. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан проблеманы дер кезінде ауыздықтау – қоғам өмірінің өсуінің, дамуының бірден-бір кепілі болмақ.

  Қазіргі кезде көптеген елдерде ұйымдасқан қылмыстың кең таралғаны соншама, ол мемлекеттердегі ішкі демократиялық үрдістерді қирата бастады. Міне, сондықтан да, біздіңше, Қазақстан әр түрлі мемлекеттердің ұйымдасқан қылмыс пен саяси жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу қызметінің мониторингін тоқтаусыз жүзеге асырып, тәжірибе алмасып отыруды қамтамасыз ету және осы бағыттағы жетістіктер мен олқылықтарды ескеру арқылы тиімді жұмыс жүргізу қажет-ақ. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойластырылған, жан-жақты және мақсатты саясат жүргізу халықтың әл-ауқатын көтеруге, Қазақстанның әлемдік рейтингтен лайықты орын алуына, республиканың инвестициялық тартымдылығы мен халықаралық аренадағы беделін арттыруға септігін тигізеді.

  Биыл, міне, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлап жүрміз, Қазақстан азаматы тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көкке көтеру үшін Конституцияны құрметтеуі және оның тиісті талаптарын, міндеттерін орындауға тиісті. Сол себепті, бүгінгі таңдағы басты міндет – азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Конституцияға деген дәстүрлі құрметін дамыту болмақ, егерде жоғарыда айтылғандай Конституцияның талаптарын орындап жүрсек жемқорлық деген  «Ғасыр дерті» біздің Тәуелсіз елімізде болмайтынына сенімім мол.

 

Талдықорған қаласы Әділет басқармасының

маманы А.Талғаров

 

Начальник Департамента Юстиции Алматинской области Айтмухаметов Д.А.

Обязательное поле *

Вы не указали Ваше имя!

Вы не указали Ваш E-mail!

Вы не ввели текст сообщения!

  Refresh Captcha 
Вы неверно ввели защитный код!
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг