Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Президента РК 

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 Портал государственного языка

Главная Архив статей «Тіліміз - асыл қазынамыз»

7616121

31.08.2011ж.

 

«Тіліміз - асыл  қазынамыз»

 

  Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік  тіл-қазақ  тілі. Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі мен ата дәстүрі. Әрбір елдің  қуатты күші, байлық – бақыты экономикалық, саяси- әлеуметтік даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени мұра, рухани талғам деген халықтың  ақыл-ойымен көрінісі – тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Халықтың сақталуы да тілге тәуелді. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі  екендігін  ешкім де  жоққа  шығармайтыгны  баршаға  мәлім.Әркімнің  ана  тілі  мен  төл  мәдениетін  пайдалануға,қарым-қатынас,тәрбие,оқу  және  шығармашылық  тілін  еркін  таңдап  алуға  құқығы  бар.

   Мемлекеттік  тіл-мемлекеттің  бүкіл  аумағында  қоғамдық  қатынастардың   барлық   саласында  қолданылатын  мемлекеттік  басқару, заң  шығару  сот  ісін  жүргізу  және  қағаздар  тілі  болып  табылады.

   Қазақстаннның  болашағы  қазақ   тілінде.Тілсіз  ұлт  болмайды.Өз  тілімізді  сақтау,өз   тілімізді  құрметтеу  отаншылдық  рухты  оятуға  қызмет  етеді  әрі  ата-баба  алдындағы  ұлы  парызымыз.

    Бала – бақша, мектеп қабырғасындағы орысша шүлдірлеген қазақ балаларын қоя тұрғанда, орталыққа жүгінген жасы келген азаматтардың қарапайым бланкілерді қазақ тілінде толтыра алмаған жайттары да кездеседі. Көбінесе қазақтар қазақ тілін білмегендігіне ұялмайды, орысша сөйлей алмаған ауыл азаматтарын қаралап жататыны белгілі. Жастарымыздың шетелге еліктеп, сыртқы келбетін, тіпті жүріс - тұрысының өзін жасанды жасап, орыс тілінде сөйлегенді жөн көретіндей.

  Тіл  дамуын  табысты  жүзеге  асырудың  неғұрлым  маңызды шарттарының  бірі  қоғамдағы  жалпы   мәдениеттің  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  тілдерді  оқытудың   толыққанды   жүйесінің  тұрақты  қызмет  етуін  ұйымдастыру  мен  қамтамасыз  ету   болып   табылады.

   Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебесін  іске  асыру  әлем  тілдерін  дамыту  тәжірибесіне  сәйкес  жаңа  әлеуметтік-мәдени  және  ғылыми  болмыс   аясында  оның  лексикалық  және  семантикалық  тынысының  мүмкіндіктерін  кеңейтуді  талап  етеді.    Қазақ  тіліндегі  ғылыми  шығармашылықты  одан  әрі  дамыту  талап  етіледі.

   Мемлекеттік  тілдің  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етудің  неғұрлым  күрделі  учаскелерінің  бірі  халыққа  қызмет көрсету   саласы  болып  отыр. Бұл  аталған  саладағы  тілдік  қызметті  мемлекеттік  реттеудің  күрделілігімен  сабақтасып жатыр. 

   Тіл-адам баласының баға жетпес құралы. Өмірдің, қоғамның, ғылымның қай саласын тілге тиек етсек те солардың тұспалды, мағыналы тұстарын санаға айқынды, нақты жеткізуде қазақ тілінің алатын орны зор.

    Ата бабаларымыздың өзінің сан ғасырлық тарихы бойында небір қилы заманды бастан кешіп,  қол жеткізген осы ұлан ғайыр жерімізді, елімізді, салт – дәстүр, тіліміз, дініміз тіпті «қазақ» деген атқа тән барлық қадыр-қасиетімізді, ел болып қалыптасуымызға негіз болғанын мойындап,  баға жетпес байлығымызды қастерлеп, жетік меңгеріп қана қоймай, мақтан тұтып, әрмен қарай дамуына үлес қосу әрбір қазақстан азаматының  парызы   екенін  естен  шығармайық  ардақты  ағайын.Ана  тіліміздің  дамуын  одан  әрі  нығайтуға  өз  үлесімізді  қосайық   ана  тіліміздің   жанашырлары.

 

 

Кербұлақ аудандық

әділет басқармасының

мұрағатшысы Д.Нурпеисова

 

Начальник Департамента Юстиции Алматинской области Айтмухаметов Д.А.

Обязательное поле *

Вы не указали Ваше имя!

Вы не указали Ваш E-mail!

Вы не ввели текст сообщения!

  Refresh Captcha 
Вы неверно ввели защитный код!
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг