Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Президента РК 

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 Портал государственного языка

Главная Архив статей «Дамуға дархан жол ашты»

12828874601

31.08.2011ж.

 

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай.

 

«Дамуға дархан жол ашты»

 

  Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген, еркіндік пен  тендікті туетіп,  бейбітшіл байрағын желбіреткен  азаматтық қоғам екенімізді әлем біледі. Небәрі 20 жыл ішінде дүниені дүр сілкіндіріп орынымыздан тік тұрдық. Тағымызды алып, тәжімізді қайта кидік.... 

  Мемлекетіміздің дамуының негізі біріншіден халық болса, екіншіден Заңдардың атасы, мемлекетіміздің тірегі – Ата-Заңымыз.

  Конституция қазақстандық ұлттың біртұтастығын, бірлігін нығайту, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен құндылықтарын сақтаудың негізі.

  Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық, "бiздің басты жетiстiктерiмiз бүкiл халқымызбен қабылдаған Конституцияның жемiсi", - деп атап көрсеткен болатын. Президентiміз Н.Ә.Назарбаев.

  Конституция мемлекеттiк және қоғам өмiрiнiң құқықтық негiздерiн нығайтуда, саяси және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды алға бастыруда, қоғамдағы тұрақтылыққа қол жеткiзуде үлкен роль атқарды. Ата-Заңымыз мемлекетік дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан тарихи құжат болып саналады. Республикамыздың жаңа Конституциясы - конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалап, мемлекет механизмі саяси ұйымдардың қызметінің түбегейлі принцептерін белгілейді, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін бекітіп, экономикалық құрылыстың негізін анықтайды. Республика Конституциясында демократиялық дәстүрге сәйкес көп ұлтты Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі болып танылады. Мемлекеттік биліктің тұтастық, мемлекет механизмінің ұйымдастырылуы мен қызметі конституцияға сәйкес билікті үш буынға – заң шығарушы, атқарушы және сот төрелігі – бөліну принципіне негізделіп жүзеге асырылады.  

  Біздің Конституциямыз 9 бөлімнен және 98 баптан тұрады. Соның ішінде 4-бөлімнің 62-бабының 8-тармағына сүйене отырып Республикамыздың заң және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі.  

  Қазақстан азаматтарының құқықтарымен міндеттері жергілікті әділет органдары арқалы іс асырылады.

  Осымен бірге, әділет органының негізгі бағыттарының бірі халыққа қызмет көрсету екендігі бәрімізге мәлім. Осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарымыздың сапасын арттырып, одан әрі мемлекеттіміздің тұтастығын қаматамасыз етуге үлес қосаймыз.

  Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауында «Әр қызметкер іс жүзінде өзінің пайдалы екенін және керектігін ұдайы дәлелдеп отыруға тиіс» деп айтқан.

  Сондықтан біздер ел Көшбасшымыздың сарабдал саясатын кұптай отырып, қоғамдық татулақтың, бейбітшілік пен келісм туын төмендетпегеніміз абзал. 

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық Әділет

басқармасының бастығы

Б.Жайлаубаев

 

Начальник Департамента Юстиции Алматинской области Айтмухаметов Д.А.

Обязательное поле *

Вы не указали Ваше имя!

Вы не указали Ваш E-mail!

Вы не ввели текст сообщения!

  Refresh Captcha 
Вы неверно ввели защитный код!
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг