
01.09.2011ж.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу
Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің беделін түсіреді, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, құқықтық мемлекет құру қағидаларын бұзады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің саяси экономикасына, саясатына зиян келтіреді. Сонымен қатар үкіметтің даму бағдарламаларын жоққа шығарады. Сыбайлас жемқорлық туралы ұғым 1979 жылы БҰҰ 34 отырысында бірінші рет қарастырылған. Бұл ұғым лауазымды-мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе.
Басқа да қоғамға қарсы жасалған құбылыспен күрес сияқты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңға сәйкес жүргізілуі тиіс. ҚР Президентінің Жарлығына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетіміздің барлық құқық қорғау мекемелері тарапынан жүргізілуде. Шенеуніктердің тарапынан, құзыреттері үлкен болғандықтан және бақылаудың төмен болуы салдарынан сыбайлас жемқорлық пайда болады.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының себептеріне де қарау керек. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары шағын және орта бизнес субъектілерінде, жеке кәсіпкерлердің қызметтерін қадағалауымен айналысатын мекемелер тарапынан туындайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдардың талаптарын дұрыс орындамау салдарынан лауазымдық тұлғалар тарапынан жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық тоқтайтын емес. Бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып жатқандай, қылмыс жасаушылар құқық қорғау органдары және арнаулы мекемелер тарапынан көптеп жасалуда. Экономикалық тұрғыдан қарасақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдай мемлекеттік қызметкерлердің жеке кәсіптегі жұмысшылардың табысынан кем болуынан. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының аз болуы қосымша табыс табу көзін іздеуге апарып соқтырады, бұл табыс біздің ұғымымыз бойынша пара алу және қызмет бабын теріс пайдалану деп түсіндіріледі. Қазіргі заман талабына сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге жалақысын жеткілікті, әлеуметтік жеңілдікпен қамтамасыз етілген және мемлекет тарапынан экономикалық қолдауға ие болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа баратын факторлар аз болады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қазіргі күнде енгізген электрондық үкімет құру туралы бағдарламасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көп әсерін тигізеді деген үміттеміз. Елбасының биылғы халыққа арналған Жолдауында айтылған биік мақсаттарға жетудің бір де бір кедергісі –сыбайлас жемқорлық. Бүгін Жолдаудың негізінде қылмыстың осы түрімен күрес пәрменділігін арттыру мақсатында барлық мекемелер тарпынан жұмыстар жүргізілуде.
Кербұлақ ауданының Әділет
басқармасының бас маманы
Ә.А.Шалшықбаева
|