02.09.2011ж.
Тууды тіркеу кезіндегі баланың атын, тегін, әкесінің атын дұрыс жазу туралы
Тууды тiркеу кезiнде баланың тегi ата-анасының тегiмен белгiленедi. Ата-анасының тектерi әртүрлi болған жағдайда балаға ата-анасының келiсiмi бойынша әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi. Ата-анасының қалауы бойынша баланың тегiн ұлттық дәстүрлердi ескерiле отырып, әкесiнiң немесе атасының атына жазылуы мүмкiн. Баланың тегiне қатысты ата-анасының арасындағы келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
Тууды тiркеу кезiнде ұлты қазақ адамдардың аттарын, әкелерiнiң аттарын және тектерiн мына төмендегі үш мүшелiк антропонимдiк белгiлеу жүйесi: аты, әкесiнiң аты, тегi бойынша дұрыс жазуға және айтуға назар аудару керек.
Мұнымен қатар азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектерi мен әкелерiнiң аттарын жазу кезiнде қазақ тiлiне жат -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -и -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич жұрнақтары алып тасталып, олардың орнына "ұлы", "қызы" жалғаулары бiрге қосып жазылады. Мысалы Байкенов Оспан Омарович Байкен Оспан Омарұлы"; Кадырова Рысты Мадиевна.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 15-бабына сәйкес ұлты қазақ азаматтын аты-жөнiн былайша жазуға болады:
Қадырова Рысты Мадиевна - Мадиқызы Рысты; Байкенов Оспан Омарович - Омарұлы Оспан.
Әкесiнiң аты шын мәнiсiнде тегiн ауыстыратын болса және тегi мiндеттi түрде бiрiншi орында, одан кейiн аты тұрса, онда әкесiнiң аты жазылмайды.
Тегiнiң айтылуы қолайсыз естiлетiн жағдайларда сондай-ақ қазақтардың тұрмысында кездесетiн шығыс антропонимi дәстүрлерiн құрметтей отырып, тегiн белгiлеу кезiнде өз еркi бойынша "и" әрпiн қосып жазуға жол берiледi. Мысалы:
Кошкарова Сара Акимовна - Қошқари Сара Әкiмқызы.
Ұлты қазақ адамдардың тектерiн, өз аттары мен әкелерiнiң аттарын жазу кезiнде атындағы сөздiң мөлшерiне қарамастан бөлек жазуға жол берiлмейдi.
Мысалы:
Әбiлқасым (Нұр - Қасым емес), Гүлсара (Аи - Сара емес), Сейдахмет (Саид - Ахмет емес).
Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу кезiнде де осындай принциптер қолданылады.
Текке "тегi", "ұрпағы", "немересi", "шөбересi" сөздерiн және тағы басқа сөздердi қосып жазуға жол берiлмейдi.
Балаға қосарланған тек беруге рұқсат етiлмейдi. Алайда, егер ата-анасының (немесе олардың бiреуiнiң) қосарланған тегi болса, АХАЖ органы балаға осы тектi беруден бас тартуға құқылы емес. Балаға ұлттық-тарихи дәстүрлерге сәйкес әкесiнiң немесе атасының атына жазылған тек берiлуi мүмкiн.
Баланың аты ата-анасының келiсiмi бойынша қойылады, ата-анасының арасында келiсiм болмаған жағдайда баланың атын қою мәселесi сот арқылы шешiледi.
АХАЖ органы берiлген аттың жеке аттары анықтамасында көрсетiлмеуi немесе қысқартылған, еркелететiн ат болып табылуы негiзiнде балаға ата-анасы таңдаған атты қоюдан бас тартуға құқылы емес.
Балаға әкесiнiң аты әкесiнiң атымен не әкесi ретiнде жазылған адамның атымен берiледi. Егер жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес әкесінің бiрнеше аты болса, баланың әкесiнiң аты ата-анасының таңдауымен солардың бiреуi бойынша жазылады.
Басқа ұлт адамдарының тектерi, аттары және әкесiнiң аттары өздерiнiң қалауы бойынша олардың ұлттық ерекшеліктерiне сәйкес жазылуы мүмкiн.
Тууды тiркеу туралы жазылған жазудың негiзiнде тууы туралы куәлiк жазылып, ол тууды тiркеу туралы өтiнiш берген адамға берiледi.
Тууы туралы куәлiкпен бiрге мiндеттi түрде жұмыс орнына тапсыру үшiн баланың туу жағдайы бойынша тиiстi жәрдемақы алуға анықтама берiледi.
Кербұлақ ауданы Әділет
басқармасының бас маманы
А.Шалшықбаева
|