Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Президента РК 

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 Портал государственного языка

Главная Архив статей ЖЕМҚОРЛЫҚ - ІНДЕТ,

photo_813643_resize1

18.10.2011ж.

 

ЖЕМҚОРЛЫҚ - ІНДЕТ,

ОНЫ ЖОЮ – БАРШАМЫЗҒА МІНДЕТ

 

    Сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған қордаланған  мәселелердің бірі.  Бұлай деуіміздің  өзіндік себебі де жоқ емес. Әр мемлекеттік  қызметкер халыққа қызмет  етудің  қай саласында еңбек  етпесін  сол орында еңбек пен қоғамдық  тәртіпті қамтамасыз ету, өз саласында  заң бұзушылыққа, қылмыс пен сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамға  жат әрекеттерге  жол беріп қана қоймай оған қарсы табанды күрес жүргізу  бүгінгі күннің басты  талабы  бола бермек.  Осы  рете сыбайлас жемқорлықтың алдын  алуға   байланысты бірнеше  мәселеге назар аударуды жөн көрдік.

    Бірнеше жылдан бері Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігіне  халыққа  көрсетілетін қызметтердің  барлық түрін «Бір терезе»  қағидасы негізінде атқару  міндеттеледі. Біле-білсек, «Халыққа қызмет  көрсету» орталығының басты міндеті-сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу.  Бұлай деуіміздің себебі, жекелеген азаматтар, заңды тұлғалар мемлекеттік  қызметкерлердің алдына бармай-ақ,  құжаттарын осы орталыққа өткізіп, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен  регламенттерінде белгіленген тәртіппен белгілі мерзімде дайын болған құжаттарын ала алады. Алайда қарапайым халық ХҚКО ның қызметін әлі де түсінбей жатыр десе артық айтқандық емес. Өйткені құжат жасатудың машақаты мен қиындығы көп. Құжаты көбіне делдалдар арқылы жасатқан тиімді. Сонда жол жүріп уақыт шығындамайсың деген түсінік әлі де бар. Араға делдал салу  құжатты делдал арқылы жасату – бұл да сыбайлас жемқорлықты тудырады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудан халықтың құқықтық сауатсыздығын жоюды маңызы зор екенін ескеріп, биыл Панфилов ауданының Әділет басқармасы азаматтардың құқықтық сауатын ашуға бағытталған іс-шаралар өткіздік. Аудан халқымен ауданымызға қарасты ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, азаматтарға өздерінің  құқықтарын түсіндірдік. Заңға қайшы іс байқалған жағдайда қандай іс-әрекет  жасау керектігімен нақты жолдарын көрсетіп бердік десе де болады. Сондықтан қоғамдағы  жеті  құрт  жемқорлықтың алдын алу, тоқтату, болдырмау сіз бен біздің  ортақ парызымыз. Жемқорлық - індет, оны жою баршамызға  міндет екенін ұмытпайық!

 

 

Панфилов  аудандық

Әділет  басқармасының

инспекторы Айдын Ошанов

 

Начальник Департамента Юстиции Алматинской области Айтмухаметов Д.А.

Обязательное поле *

Вы не указали Ваше имя!

Вы не указали Ваш E-mail!

Вы не ввели текст сообщения!

  Refresh Captcha 
Вы неверно ввели защитный код!
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг