Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Президента РК 

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 Портал государственного языка

Главная Архив статей Жылжымайтын мүлікке

jpg

19.10.2011ж.

 

Жылжымайтын мүлікке

құқықтарыңызды тіркетуге асығыңыздар !!!

 

     Жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатында шамадан тыс зиян келтірмей көшірілуі мүмкін болмайтын нысандар.

     Жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі мемлекеттік тіркеу болып табылады.

    Қазақстан Республикасының 26.07.2007 жылғы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» № 310 Заңының өзгеде заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де нысандарын мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі болып табылады. Бұрын жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу ерікті түрде  болған кезде жылжымайтын мүлік объектілерінің жаңа иелері көбінесе құқығын тіркеуге өтініш етпейтін. Бұл жылжымайтын мүліктің жаңа иесі үшін келеңсіз салдарға әкеліп соғуы мүмкін еді. Себебі оның мүлігіне қатысты үшінші тұлға тарапынан алаяқтық әрекеттер жасау мүмкіндігін туғызатын. Сондықтан «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды міндетті мемлекеттік тіркеу ережесі енгізілді және жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуге өтініш ету мерзімі белгіленді. Осы аталған Заңның 9-бабына сәйкес, тұлғаға құқықтың пайда болуына негіз болған заңдық факт басталған сәттен, яғни, нотариат куәландырған келісім шарттар, күшіне енген сот шешімдері, аяқталған құрылысқа берілетін қабылдау актісі, өзгеде құқық белгілеуші құжаттар берілген сәттен бастап 6 айдан кешіктірмей  мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Ал, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру сот тәртібімен жүзеге асырылады, яғни, тіркеуші орган ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  354-3 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Осыған орай тіркеу мерзімі бұзылғаны үшін жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерде, заңды тұлғалар үшін жиырмадан отызға дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жауапкершілік қаралған.  

   Осылайша қабылданған Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды бекітуге және қорғауға, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына қолайлы жағдайларды жасауға, халыққа мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жоғарлату, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жеңілдетуге бағытталған.     

 

 

Панфилов  аудандық

Әділет  басқармасының

инспекторы Айдын Ошанов

 

Начальник Департамента Юстиции Алматинской области Айтмухаметов Д.А.

Обязательное поле *

Вы не указали Ваше имя!

Вы не указали Ваш E-mail!

Вы не ввели текст сообщения!

  Refresh Captcha 
Вы неверно ввели защитный код!
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг