![detki21](/images/stories/detki21.jpg)
19.10.2011ж.
Отбасы және бала құқықтары
Ата – аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделінеді.Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың дәрігерлік мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде,ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туса –медициналық құжаттар немесе куәлардың көрсетулерінің негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.
Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата –анасының некеқию туралы жазбасы негізінде жазылады.Бала неке бұзылған,оны жарамсыз деп таныңан кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап 272 күн ішінде туған жағдайда анасының жұбайы баланың әкесі деп танылады.
Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы
1. баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілер тіркеу қызметіне тірлесіп берген өтініш беру жолымен;
2. анасы қайтыс болған жағдайда; анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда,ата-ана құқығынан айырылған жағдайда – қорғаншы және қамқоршылық органының жазба түрде берілген келісімімен бала әкесінің арызы бойынша,
3.Ешқандай келісім болмаған жағдайда – сот шешімі негізінде ғана белгіленеді.
Әке болуды анықтау туралы бірлесіп өтініш беру бала туғаннан кейін мүмкін болмаса болған мән жайларда болашақ баланың ата-анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілер тіркеу қызметтеріне сондай өтініш беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы актілі жазба бала туғаннан кейін жасалады. Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анықталса ,анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы.Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолдалынып жүрген есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен сот белгілейді. Он сегіз жасқа толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса –оның қорғаншысы немесе қорғаншы және қамқоршы органының келісімімен ғана жол беріледі.Өзін баласының әкесімін деп таныған бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгіленеді.Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата – ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әкелікті анықтау туралы сот шешімі болмаса, туу тутарлы актілі жазбада баланың тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты жөні – бала анасының сөзінен «Неке және отбасы» заңының 49 бабына сәйкес жазылады. Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациасын қолдануға жазбаша түрде келісім берген адамдар осы әдістерді қолдану барысында бал туған жағдайда туу туралы актілі жазбада баланың ата-анасы болып жазылады.
Он сегіз жасқа толмаған адам бала болып танылады.Әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына және солармен бірге тұруға құқықтары бар. Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы.Он жасқа толған баланың пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса ескерілуі міндетті. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Баланың аты ата-анасының келісімімен ,аты жөні әкесінің атымен немесе ұлттық тарихи дәстүрлерге сай аталарының атынан беріледі. Баланың атына немесе тегіне деген келіспеушіліктер сот тәртібімен ғана шешіледі. Он жасқа толған баланың атын немесе тегін тек баланың келісімімен ғана өзгертуге болады.
Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады.Егер ата-анасының ұлттары әр түрлі болса, баланың қалауы бойынша оған жеке куәлік берген кезде әкесі немесе шешесінің ұлтын алуына болады. Кәмелет жасқа толғанға дейін бала әке-шешесінің тарапынан жасалған қиянаттардан қорғалуға құқықты.Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгені туралы, оның заңды мүдделері бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршылық қызметіне хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршылық қызметі баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Кербұлақ аудандық әділет
басқармасының АХАЖ қызметі
|