Сыбайлас жемқорлықтан көп болып
күрескенде ғана айығамыз
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан оны болдырмау, алдын- алу мақсатында елімізде көптеген іс- шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегіқұртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.
1988 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп- қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайдылығы, тоңмойын шенеуніктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезекті қолдан жасау көптеген азаматтарды пара беруге итерлелейді. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмайыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Көптеген заң бұзушылықтарға жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалады. Олар тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден болмашы жайтқа бола ауыр алым- салымға жүктеу жайттары жиі кездесіп жатады.
Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра, құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Осындай олқылықтарға ол беруден аулақ болған жөн.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың жауапкершілігін ұлғайтуға да, биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының бұл мәселені шешудегі әлеуметтік әріптестігіне де басқа мән беріліп отыр.
Бүгінгі таңда , мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін- өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты- оның алдын алу, яғнионың себептері мен шаттарыына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есесптеймін.
Аудандық әділет басқармасында Елбасы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға, басқарма қызметкерлері арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отырылуда. Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
Ескелді аудандық әділет
басқармасының бастығы: Жантасов С.Қ
|