Көркем де, оралымды тіл
«Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір- қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу ұмтылады. Сондықтан, кез- келген мемлекет өзінің аумақтық салт- дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды»
Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтан қатарындағы тіл. Сондай- ақ, ол дүнижүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлыстар мен ұлт өкілдері Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлыстар мен ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұмыс - әдебиетін, әдет- ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.
Тілге деген құрмет- халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл - қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам- туған жерін, елін, отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі- адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- ана тілі.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілгеннен кейінгі жылдары жұтшылық та ана тілінің дамуы жолында белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір- қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез- келген мемлекет өзінің аумақтық салт- дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда- ақберген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, деп С.Торайғыровтай ақиық ақын жырлап өткен.
Қазақ тілі ұрпақтан- ұрпаққа, атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра.
Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монголия т.б.) ұлттық тілі.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.Елімізде қазақ тілінің мәртебесін асқақтату мақсатында қаншама іс- шаралар жүргізілуде. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, Қазақстан Республикасының аумағында тікелей қолданылады және міндетті. Сондай- ақ, мемлекеттік органдар да мемлекеттік тілде жұмыс жасалуы тиіс. Қазақ тілінің әлі де өз орнын таппай жатқандығы 70- жылға жуық отарлық саясаттың салдары. Айта кету керек, қаншама әрекеттер тек сөз жүзінде қалуда. Тіліміздің мәртебесін тұғырландыру бір ғана үкіметтің шаруасы емес. оған барлық қауым болып атсалысуымыз керек. Яғни, әр азамат өзіне жүктелген жауапкершілікті түсіне білуі тиіс.
Оның ішінде сөз жүзіндегі әрекетті іс жүзіне айналдыру мақсатында аудандық әділет басқармасы бірқатар жұмыстар атқарып отыр. Соның бір айғағы 2004 жылдың сәуір айынан әділет басқармасы құрылғаннан бастап ісқағаздары мемлекеттік тілде жүргізілуде. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Сондықтан, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» - дегендей, бұл мәселеге селқостық танытпай, ұлт болып кірісуміз керек. Қазақ тілі сонда ғана өз мәртебесіне ие болады.
Ескелді аудандық әділет
басқармасының іс жүргізушісі: Имирова М.Н.
|