11.07.2012 ж.
Іле ауданында Алтын той атап өтілді.
Іле аудандық Әділет басқармасының АХАТ бөлімінде Жекенов Сұлтанғазы Хасенұлы мен Аскенқызы Бәйгібала ананың отасқанына 50 жыл толуына арналған торқалы алтын тойы атап өтілді.
Осыдан 50 жыл бұрын, 1962 жылы 1 шілдеде Қарасай ауданы Киров селосы, Фрунзе ауылдық округінде заңды некелері тіркелген екі жас 50 жыл махаббаттың туын жықпай, өмірдің тәттісі мен тұщысын бірге татысып бақытты өмір кешіп бүгінгі қуанышты думанға жетіп отыр.
Осы жылдар ішінде өнегелі 3 қыз тәрбиелеп керегелері кеңейіп, қыздарынан тараған 7 немере, шөберелерімен бақытқа бөленіп, жастарға өнеге үлгі болып отырған той иелерін Іле аудандық Әділет басқармасының АХАТ бөлімі бастығы Б.Кашеева төменгі өлең жолдарымен құттықтап, «Алтын неке» кітабын табыс етті.
Құрметті Сұлтанғазы аға, Бәйгібала ана!
Өткеріп нұрлы көктем, нұрлы күздер,
Қалдырып көкорайлы гүл-гүл іздер.
50 жыл қол ұстасып жүрдіңіздер
Екеуіңіз көркем ғұмыр сүрдіңіздер!
Тәуелді Заманды да көрдіңіздер,
Тәуелсіз Заманды да көрдіңіздер,
Тамаша тәлімді ұрпақ бердіңіздер,
Сіздердей болсақ екен енді біздер!
Асудан, белестерден өттіңіздер,
Қызығын, қиынын да шектіңіздер.
Ақ бата, алғыс алған қос жұпсыздар,
Аман-сау Гаухар тойға жетіңіздер!
Іле аудандық Әділет басқармасы
|