КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді құрған кезде 01.07.1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын басшылыққа алу қажет. Осыған орай, Тіл туралы Заңның 1 бабындағы негізгі ұғымдарға көңіл бөлсек «транслитерация»-деген сөз кездеседі. Бұл сөздің мағынасы келесіні білдіреді, «Транслитерация-бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен жекелеген сөздерді басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппе-әріп арқылы беру».
Сонымен қатар, аталған Заңның 19 бабында, елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс. Мемлекеттік ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі. Бірлескен, шетелдік ұйымдардың атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде транслитерация арқылы беріледі.
Сондай-ақ,заңды тұлғалардың алғашқы тіркеу барысында фирмалық атауларын тексеруді қажеттілік туындайды. Бұл бағытта, Сіздерге Азаматтық кодексінің 38 бабының 1-2 тармақтарының талаптарын басшылыққа алған жөн. Яғни, «Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін.
Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, олардың есімдерін пайдалануға жол берілмейді. Ал, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлғаның фирмалық атауын тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орын толтыруға міндетті.
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерінде, Президенті мен Үкіметі актілерінде белгіленген мемлекеттік органдарының ресми атауларына сілтемелерді пайдалануға тыйым салынады.
Сонымен қатар кәсіпкерлердің назарын «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тураы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына саламыз. Аталған Заңның 18-бабына сәйкес, заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге тартылатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтi бiр ай мерзiмде бермегенi үшiн заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Заңда көзделген тәртіпті сақтамағаны үшін 20.04.2012ж «Табиғат ЭКО» жауакершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 357-4 бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Панфилов аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушыға 20 АЕК (32360 тенге) айыппұл салынса 24.04.2012ж. «Жаркент-Финанс» Микрокредиттік ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 357-4 бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып Панфилов аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушыға 10 АЕК (16180 тенге) айыппұл салынды.
Сондай-ақ 20-маусым 2012 жылы «СЗЦ Жаркент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 357-4 бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып 21-маусым 2012 жылы Панфилов аудандық сотына қарастыруға жолданды. Қара нәтижесінде «СЗЦ Жаркент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20 АЕК (32360 тенге) айыппұл салынды.
Панфилов аудандық Әділет
басқармасының бас маманы Қ.Розбакиев
|