26.07.2012 ж.
Алматы облысы Әділет департаментінде алқа мәжілісі өтті.
2012 жылы 26 шілдеде Алматы облысы Әділет департаментінде Департамент бастығы Б.Т.Есенбековтің төрағалығымен аудандық, қалалық Әділет басқармалары басшыларының, Әділет департаменті бөлім бастықтары, қызметкерлерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс бойынша алқа мәжілісі болып өтті.
Алқа мәжілісінде Әділет департаменті бастығының орынбасары Н.Нұрпейісов, Әділет департаментінің ұйымдастыру бақылау және кадр бөлімінің бастығы Н.Мыңқожаев баяндама жасады.
Әділет департаменті бастығы Б.Т.Есенбеков Әділет департаменті қызметінің әрбір бағыттары бойынша алға қойылған басым міндеттердің орындалу барысы туралы Қаратал, Ескелді, Балқаш, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Ақсу, Райымбек аудандарымен Қапшағай қаласы әділет басқармасы басшыларының есебін тыңдай келе, әділет басқармаларының жұмысының пәрменділігін одан әрі көтеру мақсатында тиісті іс-шаралар жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Департамент бастығы Б.Т.Есенбеков өзінің қорытынды сөзінде, әділет департаменті қызметінің әрбір саласы бойынша жұмысты жақсартуға бағытталған тапсырмалар берумен қатар, жұмыс барысында кемшіліктерді болдырмау, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру және уақытында орындалуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның талаптарын сақтау туралы қатаң ескертті.
Алқа мәжілісінде, Әділет департаментінің 2012 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары толығымен зерделеніп, алда тұрған мақсаттар мен міндеттер айқындалды.
Алқа мәжілісінен соң аудандық, қалалық әділет басқармаларының басшыларына Әділет департаментінің тиісті салаларының мамандары семинар сабағын өткізді.

Алматы облысы Әділет департаменті
Баспасөз қызметі
|