Заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді оңайлатылған тіркеу
2012 жылдың 24 желтоқсан айында Мемлекет Басшысымен «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып, бүгіңгі таңда қолданысқа енгізілді.
Нәтижесі болып әкімшілік және басқа тосқауылдарды төмендету бойынша жалпы кешендік шараларды қарастыратын, тіркеу рәсімін бюрократиялық сөзбұйдалықтан құтқаратын аталған Заң болды.
Сонымен Заңға келесі өзгерістер енгізілді;
1.Мемлекеттік тіркеу.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» жана Заңының 6-1 бабына сәйкес ол рұқсат етілетінен хабарлау тәртібіне өту шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу.
Хабарландыру «Электрондық үкімет» порталы арқылы шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны тіркеуге болады. Бүл өзін ісін жаңадан бастағалы тұрған кәсіпкерлерге оперативті түрде өз кәсібін тіркеуге мүмкіндік береді.
Аталған мемлекеттік қызметке мемлекеттік төлем ақы төленеді. Төлем карточкасы арқылы порталдың өзінде транзакция жүргізуге болады. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік базасында автоматты түрде тіркеліп, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге тұрғаны туралы куәлігінің орына анықтамасы бизнес-сәйкестендіру нөмірімен беріліп тіркеуші органға (ХҚКО) жүгіну қажеттілігі қалады. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (акционерлік қоғамдарынан басқа) тіркеуші органға жарғының талаб ету қажеттілігінің куші жойылған.
Сонымен қатар тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан жерінің дәлелдейтін құжаты және құрылтайшы заңды тұлғаға салық берешегі жоқ туралы анықтамасы қажеттілігінің куші жойылған.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беруге бірер минутыңызды жұмсайсыз. Өтінішті толтыру кезінде жылжымайтын мүлік тандайсыз, толтырылған мекен-жай кейін тіркелген компанияның занды мекен-жайы болып есептеледі. Жылжымайтын мүлік автоматты түрде МДҚ-дағы (мемлекеттік деректер қоры) жылжымайтын мүлік тіркелімінен тексеріледі. Егер жылжымайтын мүлік компания басшысының немесе құрылтайшысының жеке меншігі болып есептелсе, бірінші кезекте, жылжымайтын мүлік туралы сұраным жолдау керек. Бұдан кейін, өтініште заңды тұлғаның барлық реквизиттері (атауы, кәсіп түрі, штаты, жарғылық капиталы) көрсетіледі.
2.Қызметін таратуын тіркеу.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» жана Заңының 16 бабына сәйкес заңды тұлғаларды тарату кезінде талап етілетін құжаттардың ішінен келесі құжаттар алынған: тарату балансі, тарату балансін бекіту туралы шешімі және салық берешегінің қарызы жоқ деген салық органдарынаң анықтамасы. Қарыздары бар (жоқ) тексеру процессі барлығы автоматты түрде әділет және салық органдарының ведомстволардың информациялық системалар арқылы қарым қатынастарымен жүргізіледі.
Бүл себептер қызметін таратуын тіркеу мерзімін 10 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Қазақстанның жағымды бағасы - заңнамада қабылданған реформалар қорытындысы, мысалыға 2010 жылы жарғының нотариалды куәландыру қажеттілігі жойылуы, тіркеуге дейінгі жарғылық капиталды қалыптастыру, ал жарғылық капиталдың өзі 100 теңгеге дейін төмендеді.
Қазіргі таңда бүкіл әлемді мақұлдатқан «Doing Business» Дүниежүзілік банктің рейтингісі бойынша Қазақстан экономикасы халықаралық рейтингтерде беделді деп бағаланып және есебіне сәйкес 2012 жылда Қазақстан «Кәсіпорындарды тіркеу» индикаторы бойынша өзінің көрсеткішін 30 позицияға көтеріп 25 орыны иеленді. (2011 жылы-55).
Қаратал аудандық Әділет
басқармасының заңды тұлғаларды
тіркеу бөлімінің жетекші маманы
С.Арпабаев
|