Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

 

 

Министерство юстиции РК

 

 

База Закон

 

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 

 Портал государственного языка

 

 

 

 

Главная Архив статей Жемқорлыққа қарсы күрес

30.04.2013ж.

                                                                 Жемқорлыққа қарсы күрес

 

 

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін атап өтетін болсақ, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, мемлекетік әлеуметтік-эканомикалық, саяси құқықтық ұйымдық басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы барлық азаматтардың заң мен сот алдында теңдігі, мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді.  

         Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметің қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Сол сияқты демократиялықты негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрлымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың жағдайларын жасауға да бағытталған.      

          Қазақстан Республикасының Президенті өзінің жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет екендігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін әлі де болса құқықтық қорғау органдары одан әрі бірлесе еңбек етуі қажет. Сыбайлас жемқорлықпен кұрес және оның алдын алу тек қана мемлекеттік қызметкердің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті екендігін атап өту керек. Барлық қызметкерлер жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Ар-намыс» кодексінде адамгершілік этикалық нормаларды қатаң ұстау қажет.Азаматтарға тікелей өзара әрекет жасайтын әрбір мемлекеттік зияткер азаматтың білгісі келетін мәселесі бойынша білікті көмек не толық ақпарат, жоғарға кәсіптік деңгейде мәлімет алуы үшін қолынан келетінің барлығын жасауға міндетті,  

        Сонымен қатар Көксу аудандық Әділет басқармасында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіліп тұрады, және де әділет басқармасында сенім телефондары сонымен қатар сенім жәшігі ораналасқан. Келіп түскен арыз-шағымдар арнайы журналдарда тіркеліп, жауап беру мерзімдері сақталады. Аудан тұрғындарында сұрақтар туындаған жағдайда, басқармаға келмей, анықтама 8(728 38) 2-06-53 телефондарына хабарласуларына болады.                                                                                                              

                          Көку аудандық Әділет басқармасының

                          басшысы Б.Тулакбаев

 

IMG 670411

Руководитель Департамента Юстиции Алматинской области Есенбеков Б.Т.
 

Требуется *

  Refresh Captcha 
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг