Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 

 Портал государственного языка

Главная Архив статей Ата-баба ерлігі есімізде

28.04.2014ж

 «Еңбекшіқазақ» газеті, №18 (6646), 25.04.2014ж

 

                                        Қызмет сапасын арттыру – заман талабы.

 

         Елбасының сарабдал саясатының арқасында – қоғам дамуының барлық салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыруда игі бастамалар жүзеге асырылуда.

     Алдымен мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптардың жылдан – жылға қатая түскенін айту керек. Мәселен, мемлекеттік қызметкерлер ақпараттық технологияны жетік меңгеруі, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауда және халлықа қызмет көрсетуде өз біліктіліктерін көрсете білуі тиіс. Сондықтан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеуде конкурстық жүйені жетілдіру мәселелеріне көп көңіл бөлуде. Бұл мемлекеттік органдардың жұмысын жандандыру, тәжірибе алмасы мақсатында қолға алынып отыр. Баға беру кең ауқымды қамтиды. Ол аймақта стратегиялық мақсатқа қолжетімділік, Елбасының тапсырмалары және Жарлықтарының орындалуы, бюджеттіктәртіп, көрсетілген қызметтің тиімділігі, дербес басқару, ақпараттық технологияны қолдану бағыттары бойынша бағаланады. Бағы бір ерекшелігі – баға әділ берілуі үшін бұл жұмысқа дербес басқару бағыттары бойынша баға береді. Егер мемлекеттік қызмет көрсетудің бүгінгі деңгейін анықтау. Ол қызмет көрсетудің бүгінгі деңгейін анықтау. Ол үшін мемлекеттік қызметтің сапасына, оның уақытында орындалуына, қолжетімділігіне, шағым беру шарасына, қызметкерлердің кішіпейілділігіне көп көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда, халыққа қызмет көрсету деңгейі әлі өз дәрежесінде деу қиын. Азаматтардың мемлекеттік қызметкерлерден жоғары дәрежеде, сапалы қызмет көрсетуін талап етуі өте заңды, себебі олар – қызметшілердің жалақысын төлеушілер. Егер бұл қызмет жоғары деңгейде көрсетілсе, онда сол қызметкердің беделі де өседі, халықтың да сенімі артады.

 

Г.Байгоджаева

Еңбекшіқазақ  аудандық Әділет басқармасының бас маманы

 

 

28.04.2014г

 «Еңбекшіқазақ» газеті, №18 (6646), 25.04.2014ж

 

Ата-баба ерлігі есімізде

 

Жиып алып қайрат пенен намысты,

Талай қазақ елі үшін жер құшты.

Ерліктерің есте қалар мәңгілік,

Атар талай алдымыздан таң күліп.

       Жеңіс күні жақындаған сайын әр шаңырақ сол қырғында қаза болған туыстарын еске алып, олардың ерлік жолдары мен өнегелі істерін ойға оралтады. Бұл орынды. Өйткені, Ұлы Отан соғысы Кеңес одағының әрбір пендесі үшін оңайға түскен жоқ еді. 18-ге толған азаматтың бәрі осы бір қанды қасіретке қатысты. Олардың біразы үйлеріне қайтты, көбі мүгедек боп оралды. Көбі қан майданында көз жұмды. Түсіне білген жұртқа, бейбіт өмірде не ішем, не кием демей, ұйқымыз тыныш жүргеніміз-соғыс ардагерлерінің арқасы.

    Қанды қырғынға арғы аталарым Жармұхамбет (1914 жылы туылған) және Мұқатбай (1917 жылы туылған), Көкен (1924 жылы туылған) ТОРТАЕВТАР да өрімдей жас кездерінде аттанған еді. Бір отбасынан үш бірдей азаматын алапат өртке аттандырған – бүкіл халықтың басына төнген қасірет еді. Жармұхамбет атам соғыстан оралып, ұрпақ өрбітіп, талай жылдар Түрген ауылында СПТУ-да ұстаздық, т.б. қызметтерді абыройлы атқарып, талай шәкірттер тәрбиелеп қатарға қосып, елдің алғысын арқалаған жан. 90 жастан асқан шақта өмірден озды. Жармұхамбет атам мен Маржанкүл апамыз екеуінің балалары  Ахметжан аға, Жеңіс, Зәуре апаларымыз ары қарай атамыздың ұрпақтарын, немере-шөберелерін ел қатарлы өсіріп тәрбиелеуде. Бөкен атамыз Сталинград  майданына қатысып, 1947 жылы аман-есен еліне оралып, талай жылдар абыройлы қызмет етті. Ал, Мұқатбай атамыз 1939 жылы әскерге шақырылып, Фин соғысында болып, сол жерден 22 жасында Ұлы Отан соғысына алынған. Майданнан оралмады. Үйленіп те үлгермеген екен. Сол атам туралы «Боздақтар» атты кітапта соғыстан оралмаған тізімінен «Тортаев Мұқатбай, 1917 жылы Көктөбе ауылында туылған, 1941 жылы соғысқа шақырылған, 1943 жылы желтоқсан айында хабарсыз кетті» деген дерек табылды. Интернет, яғни әлеуметтік желілер арқылы қай жерде соғысқаны, қай жерде жерленгені  немесе қай жерде жүргенде хабарсыз кеткені туралы деректер іздестіріп, таба алмадық. Әрине, әлі де іздестіруді тоқтатпаймыз. Мұқатбай ата – Ақыш атамның туған ағасы. Мұқатбай атам әке-шешеден (Тортайдан) өздері бес ағайынды екен (Жармұхамбет, Мұқатбай, Көкен, Ақыш, Кенжалы). Мұқатбай атамыз егер соғыстан аман-есен оралған болса, олда балалы-шағалы болып ұрпақтарымен мәре-сәре боп жүрер еді.

       «Аруақ разы болмай, тірі байымайды» деген. Аталарымыздың аруақтары бір аунап түсіп, жандары жаннатта, ұрпақтарын желеп-жебей жүрсін. Атамыз Мұқатбайды ұмытпаймыз. Өйткені, еске алып отыратын ұрпақтары бар да ұмытылмайды да.

      Біз, жас ұрпақ, соғыста болған жәйттерге көңіл аударып, гитлершіл фашизммен күресте Ұлы Жеңіс қалай келгендігін анықтап, бағалай білуіміз керек. Майданға аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтау, ерліктерін үлгі тұту – бәрімізге ортақ парыз. Бұл – біздің аталарымыз бен бабаларымызға, олардың жанқиярлық күресі мен жеңісі үшін, біздерге бейбіт өмірді сыйлағаны үшін көрсетілетін құрмет.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

Әділет басқармасының инспекторы Б.Тортаев

 

 

 

 

IMG 670411

Руководитель Департамента Юстиции Алматинской области Есенбеков Б.Т.
 

Требуется *

  Refresh Captcha 
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг