28.04.2014ж
«Жетісу шұғыласы» газеті, 25.04.2014 жылғы № 17 нөмірі
Жауапкершілікті талап етеді
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық – ел экономикасына үлкен кедергі келтіріп отыр. Осы орайда, оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, сан алуан түрде көрініс беретін сыбайлас жемқорлықтың басты ерекшелігі ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнама іс жүзінде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әділет органдарының да қолданыстағы ҚР «Әділет органдары туралы» Заңының аясында атқаратын міндеттерінің ішінде экономикамыздың дамуы үшін маңызды қызметтердің бірі – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу болып табылады.Бұл бағытта, елімізде мемлекеттік тіркеудің оңтайландырылған тәртібін белгілеу және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қолданыстағы заңнамалар ұдайы жаңартылып, өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Осыған орай, жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу мақсатында, жергілікті тұрғындар назарына Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы 26.07.2007ж. 9-бабының, 1-тармағына сәйкес мәселелер туындамауы үшін, заңдық факт басталған уақыттан бастап, 6 ай мерзімінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуі қажет. Осыған орай, жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу мақсатында, жергілікті тұрғындар назарына жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуден 6-ай мерзім ішінде өткізбеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 354-3 бабымен әкімшілік жауапқа тартылады. Яғни, жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш(18520 теңге), заңды тұлғалар үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш (37040 теңге) мөлшерінде айыпұл салуға әкеп соғады.
Мемлекеттік тіркеуден өткізілетін құжаттарға: сот шешімі (күшіне енген), аудан әкімнің қаулысы, әкімнің шешімі, сату және сатып алу шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, заң бойынша мұраға қалдыру куәлігі, жеке тұрғын үйлерді мемлекеттік қабылдау актісі, жалға беру келісім-шарты, жер теліміне жеке меншік құқығын беретін акт, заң бойынша мұраға алу құқығы туралы куәлік жатады. Аталған құжаттарды шығарған күнінен бастап 6-ай мерзім ішінде мемлекеттік тіркеуден өткізулеріңіз керектігін ескертеміз.
2013 жыл 4-азаматтың үстінен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу» 354-3 бабына сәкес іс қозғалса, ағымдағы 2014 жылы бұндай мәселелердің әзірше туындамағанын айтуға болады. Бұл аудандық Әділет басқармасы тарапынан жергілікті тұрғындарға жүргізген құқықтық насихаттары, яғни, мақалалар жариялау, дәрістер өткізу және жергілікті тұрғындармен өткізілген кездесулердің нәтижесі деугеде болады.
Әділет басқармасының инспекторы К.Ергалиева
28.04.2014ж
«Алатау» газеті, 25.04.2014 жылы, № 17(656)
Зияткерлік меншік
Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның мүшесі болып отыр. ЗМДҰ инновациялар мен шығармашылықты ынталандыру құралы ретінде зияткерлік меншікті пайдалану мәселелерімен айналысатын Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. Демек, қабылданған әлемдік стандарттарға жауап беретін зияткерлік меншікке құқықтың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Ең алдымен Зияткерлік меншік дегеніміз не? Осыған жете мән беріп көрелік. Зияткерлік меншік дегеніміз - азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне ерекше құқығы.
Шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Қазіргі таңда зияткерлік меншікпен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерінің маңызы арта түсуде.
Қазақстан Републикасының Азаматттық кодексіне сәйкес, Зияткерлік меншік құқығы нысандарына интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, оның ішінде ғылым, әдебиет, өнер туындылары, эфирлік, кәбільдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойлымдары, фонограммалары мен хабарлары, өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер жатады. Сондай-ақ, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросызба топологиялары, ашылмағана ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау), интелектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері кіреді.
Сонымен қатар, тағы бір нысаны азаматтық айналымға қатысуышыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары болып табылады. Құралдар түріне фирмалық атау, тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету). Азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары болуы мүмкін.
Осыдан келе, зияткерлік меншік нысандарына – авторлық құқық, сабақтас құқықтар, тауарлы белгіге құқық, қызмет көрсету белгісі, тауардың шығу орнын пайдалану құқығы және патенттік құқық жататындығы айқындалады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің қорғауы нәтижесінде туындайды.
Алакөл аудандық әділет
басқармасының жетекші маманы М.Қожабеков
|