04.05.2014ж
«Жетісу шұғыласы» газеті, 01.05.2014 жылғы № 18 нөмірі
«Бәрі де береке бірілікте»
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел ерінбей еңбек етуде. Ел бірлігін еңселі еткен ұлы қазақ халқы, бүгінгі күні ынтымақ туын көкке желбіретіп тұр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел бүгінгі таңда Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130 –дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара щаңырақтың астында тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр.
Баршаңызға мәлім 1мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұларалық татулық пен тұрақтылық феномені- Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471 ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық мадени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынай достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мадениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің тұғырлығына барлық жағдайлар жасалуда. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.
Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеялар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық- құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.
Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен, бағыттың бірі – Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты «Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру» мәселесі. Бағыттың бұлай атаулының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді.
Қазақстаннның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.
Демократиялық, Тәуелсіз ел болып халыптақан Қазақстан 130 дан астам ұл өкілдерінің отаны, мақтан тұтар ұлы елі.
Елбасының халықтың бірлігін сақтаудағы тиімді жоспарларының нәтижесінде Қазақстан Ұлттық ынтымақ күнін бекітіп, казіргі таңда ұлы мерекеге дайындық үстінде.
Әр ұлттың өзіндік салт-дәстүрін танытатын бұл жиын болашақ ұрпаққа бағасыз мұра.
Осы бір сәтті пайдалана отырып, Аудан тұрғындарын 1-мамыр ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға бақыт, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!
Бірлігі жарасқан берекелі еліміздің ынтымағы ұзағынан болсын!
Ескелді аудандық
Әділет басқармасының басшысы С.К.Жантасов
04.05.2014ж
«Алакөл» газеті, 01.05.2014 жылы, № 18(7588)
Құжаттар талабы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын өзіндік талаптар бар. Ол Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келуі тиіс.
Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың және құқықтық ауырпалықтарының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда тиісті түрде рәсімделуі, мөрмен бекітілуі, арнайы бланкілерде орындалуы, оларда тараптардың немесе заңнамада айқындалған лауазымды тұлғалардың тиісті қолдары болуы тиіс.
Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда құқық белгілейтін және өзге де құжаттар нотариат тәртібімен куәландыруға тиіс. Электронды тіркеуден өткен құжаттардың көшірмелерінде ғана тараптардың қолдары қойылмай, нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Тазарту немесе қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келісілмеген түзетулер бар құжаттар, немесе қарындашпен орындалған құжаттар мемлекеттік тіркеуге қабылданбайды. Құқықтық кадастрды жүргізу мақсаты үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісі дерекқорға мекен-жайы арқылы енгізілуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуге жылжымайтын мүлік құжаттарының 2 данасы ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады. Құқық белгілейтін құжат сот актілері және құқық иесіне құжаттың түпнұсқасы берілмейтін жағдайларда, тіркеу үшін құжаттың куәландырылған екі көшірмесі беріледі.
Кейде мемлекеттік тіркеу сенімхат негізінде жүзеге асырылып жатады. Мұндай жағдайларда сенімхаттың екі данасы, яғни біреуі түпнұсқасы, екіншісі куәландырған көшірме болып табылады. Тіркеуден кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады. Ал электрондық тіркеу кезінде тіркеуші органға сенімхат ұсынылмайды. Сонымен қатар объектінің кадастры немесе мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы анықтамалар ұсынылуы тиіс. Мұндай анықтамалар берілмеген жағдайда тіркеу қызметінде қиындықтар туындайды. Яғни бастапқы мекен-жай мен кадастр нөмері жойылмай, халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған анқтамалар қате шығып жатады.
Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөліміне халыққа қызмет көрсету арқылы заңнамаға сәйкес емес құжаттар да түсетін жағдайлар болып жатады. Ал бұл дегеніміз мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеп соқтыратыны белгілі. Құжаттарыңыздың мемлекеттік тіркеуден қайтарылмай, өз уақытында тіркелгенін қаласаңыз құжат талаптарының орындалуын сақтаңыз.
Аудандық әділет басқармасының басшысы Қ.Байболов
04.05.2014ж
«Талдау хабаршысы», 30.04.2014ж, № 17
Мемлекеттік тілді білмей қызмет атқару мүмкін емес
Қазақ тілінің мемлекеттік қызметтегі қолданысы ешкімді де бейжай қалдырмаса керек. Соған орай, бүгінде мемлекеттік тілді дамыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының талаптары және тілге қатысты мемлекеттік бағдарламалары әзірленіп қолданысқа енгізілуіне байланысты Әділет саласында да туған тілдің тұғырын биіктету мақсатында тындырымды істер атқарылып жатыр. Сарқан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша жиі семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Барлық іс-қағаздарды қазақ тілінде толтырылады. Тілге қатысты іс-шаралар сайыс түрінде өткізіліп келеді.
Мемлекеттік тілді білмей, жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан, ең алдымен өзіміздің ана тілімізді бағалап, құрметтеуіміз қажет. Әр толтырылған құжат мемлекеттік тілде түсінікті, әрі сауатты жазылуы керек. Осы себептен айтарымыз, басқаға үйретуден бұрын өзіміз ана тілімізді таза меңгергеніміз дұрыс. Десек те, ана тілімізге ғылыми тұрғыдан қарайтын кез келді. Тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу, мән-мағынасына терең бойлау, тілдің қорын үздіксіз жетілдіріп отыру әрбір қызметшінің міндеті.
А. Сейпейов
Сарқан ауданының Әділет басқармасының басшысы
|