11.05.2014ж
«Талдықорған» газеті №19 (1278)/ 06.05.2014 ж.
«9 мамыр – Жеңіс күні»
Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. 1941 жылы 22-маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасады. Сол күні Кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды.
Үкіметтің елге арналған үндеуі: «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады. Біз жеңіп шығамыз!» - деген сөздермен аяқталады. 1941 жылы жаумен соғысу үшін Қазақстанда барлығы 20-дан астам атқыштар және отты әскер дивизиясымен бригадасы, бірнеше артиллерия және авиация полкі, алуан әскер түрлерінің ондаған батальондары құрылды. 1941-42 жылдары өзге республикалардан Қазақстанға 142 кәсіпорын көшірілді. Алматының бір өзінен 34 завод, фабрика мен цехтар жабдықтары орналастырылды. Шымкентке Воронеж машина жасау заводының жабдықтары әкелінді. 1942 жылы тамыз айында жаудың Сталинградқа жақындауына байланысты Гурьев және Батыс Қазақстан облысының батыс аудандарында соғыс жағдайы енгізілді. Екінші дүниежүзілік соғыста түбегейлі бет-бұрыс жасаған Сталинград шайқасы басталды. Осы шайқаста Шымкент облысы, Шаян ауданында туып өскен жауынгер Қ.Сыпатаев ерлікпен қаза тапты. 1943 жылдың 17 сәуірінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы қазақ халқының ержүрек ұлына Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
Қазақстандықтар елімізді кеудесімен жауып, дүниені фашизмнен сақтап қалған аға ұрпақтың ерлігін ешқашан ұмытпайды. Сіздердің қаһармандықтарыңызға лайық болуға ұмтылып оған бас иеді. Сол бір сұрапыл жылдарда жүзден астам ұлт пен ұлыстан тұратын біртұтас отбасының барша туысқан халықтары иық тірестіріп біртұтас Отанды қорғауға көтерілді, ерлікпен шайқасып, жанқиярлықпен еңбек етті.
Қазақстан сол кезде елдің мобилизациялық орталығына айналды. Біздің елімізде ондаған дивизиялар, бригадалар мен жекелеген бөлімдер құрылды. Олар барлық майдандарда соғысты.
Қазақстандық әр отбасы соғыс ауыртпалығын өз басынан өткерді. Егер соғыстың алдында Қазақстанда 6млн 200мың адам тұрса, соғыс жылдары майданға бүкіл халықтың төрттен бірі аттанды. Бұл дегеніміз-1млн 700мыңнан астам қазақстандық. Олардың жартысынан астамы соғыстан оралмады. Қазақстандықтар ерлікпен шайқасты, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Қазақстандықтар тылда да жеңістің негізін қалады. Бәрін де майдан үшін, бәрін де жеңіс үшін беру құлшынысы барша халықты біріктірді.
Экономика жедел түрде соғыс жағдайына көшіруге және майдан тапсырыстарын орындаудағы табыстарға ерен күш-жігер мен жанқиярлық еңбектің арқасында қол жеткізілді.
Біз әрқашанда жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлікпен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін боламыз.
Отан қорғау ісіне ардагерлеріміздің үлгісімен әрқашанда дайын болып, намыс туын жоғары ұстауларыңызды тілеймін.
Талдықорған қалалық Әділет басқармасы
11.05.2014ж
«Жетісу» газеті, № 51-52(17896), 06.05.2014 ж.
АРДАГЕР АҒА, АРМЫСЫЗ ! Ұлы Жеңіске – 69 жыл
Екінші дүниежүзілік соғыстың от-жалынынан аман оралған ардагерлердің хал-жағдайын біліп, оларға лайықты құрмет көрсету –бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы.Жеңіс күні қарсанында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балтабек Досмұхамбет бастаған топпен бірг Сұраншы батыр ауылында тұратын соғыс ардагері Шорман Жапар- құлылының шаңырағында болдық.
Шорман ата үшін мамырдың 9-ы тек қана Жеңіс күні емес. Ол дәл осы күні 89 жасқа толады. Қарт жауынгерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, арнайы әкелген сый-қапшығын тапсырған «нұротандықтар» мен аудандық әділет басқармасының қызметкерлері оның денсаулығын сұрап, әңгімесін тыңдады.
Осы ауылда туып-өскен атамыз еңбекке ерте араласыпты. Соғысқа дейін және соғыстан келгеннен кейін де шаруашылықта ол істемеген жұмыс кемде-кем. Тракторшы, диқаншы, қойшы болып, мал өсіріп, жерден өнім өндірудің барлық ісін атқарысқан. Ел басына күн туып, ер ертегімен су кешкен сұрапыл жылдары Қиыр Шығыста жапондықтармен соғысқа қатысты. Тайганың батпақты ормандарында атты әскер кавалериясында алты жылбойы жаумен алысып-андысыпты. Қатардағы жауынгер-автоматшы зеңбіректен де дұшпанға қарсы оқ жаудырды. Соғыстан кейінгі бейбіт кезде ел еңсесін көтеруге еселі еңбегімен сүбелі үлес қосты. П-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені мен «Жапонияны жеңгені үшін» медалінің иегері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.
Шорман атының қазіргі тұрып жатқан ұйі кезінде өзі шопан болғанда салғызған шағын там екен. Денсаулығы бүгінде ерекше кұтімді қажет етеді. Бас ауырып, балтыр сыздайды, көз жанары көруден қалып барады.
- Мені қарап жатқан осы кенже келінім, айналайын, деді ол үйге келгендерге қонақ-жайлылық танытып жүрген келінін иегімен нұсқап.
Құралайдың мамандығы медбике, қазір бар жұмысы жүріп-тұруы қиындаған атасын күтуге арналыпты. Уақытылы дәрі-дәрмегін ішкізіп, қан қысымын өлшейді, ине салады. Кенже ұл Қанат аудан орталығынан үйдің қабырғасын тұрғызып, шатырын жауып қойыпты. Қол қысқалығынан құрылысы аяқталмай жатқан көрінеді. Баспананы салып бітірсе, аталарын ыстық-суық суы, дәретханасы ішенде, жан-жақты жайластырылған жаңа үйге кіргізсек дейді.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы
|