Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 24-52-90, 24-51-44

departament_2010mail.ru

Правовая информационная служба

119 бесплатный звонок

 

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 

 Портал государственного языка

Главная Архив статей Жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселесі

06.12.2014г.

 

«Сарқан» газеті, 06.12.2014ж.,№ 49

 

Жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселесі

 

       Жылжымайтын мүлікке қатысты заң бұзушылықтардың жиі орын алатынын халық хабардар. Мұндай олқылық көбінесе халықтың құқықтық сауатының жоқтығынан орын алып жатады. Ал осындай кемшілікпен бетпе-бет келмес үшін қазір жылжымайтын мүлікке қатысты келісім жасалмас бұрын сатып алушы мен сатушы жылжымайтын мүліктің кепілде тұрған-тұрмағандығын көрсететін анықтамаға тапсырыс береді. Мүліктің кепілде тұрмағаны оған қатысты мәселенің жоқтығы анықталған жағдайда тараптар нотариустың қызметіне жүгінеді. Осыдан кейін ғана нотариус тараптардың келісімімен заң жүзінде бекітеді. Келісім жасалған соң сатып алушы құжаттарын алып, Халыққа кызмет көрсету орталығына барады. Орталыққа өткізілген құжаттар  Әділет басқармасында жан жақты тексеріліп, егер бәрі заң талаптарына сай болған жағдайда жылжымайтын мүлік тіркеуге алынады. Ал қандай да бір кемшілік болған жағдайда мүлік тіркелмей құжаттар кері қайтарылады. Міне осы шаралардың өзі белгілі бір уақытты алады, азаматтардың қолын байлайды. «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізілген оң өзгерістердің нәтижесінде енді осы процестің уақыты жеделдетілді. Құжатты тіркеу мерзімі енді бір күннің ішінде жүзеге аспақ. Яғни Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлікке құқықты электронды тіркеу әдісінің енгізілуі тіркеу әдісінің енгізілуі азаматтардың уақытын үнемдеуге көмектеседі, Бұл калай жүзеге асады? Ең алдымен жылжымайтын мүлікке құқық беретін келісімді нотариус бекіткеннен кейін құжат көшірмесі бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге автоматты түрде жіберіледі. Және бұл жерде тек нотариус куәлік еткен құжаттардың ғана осы жүйе арқылы электронды тіркелетінін ескерген жөн. Ал басқа құқық беруші құжаттар мәселен жергілікті әкімшілік шешімдер қалыпты режимде тіркеледі. Міне осындай өзгерістерден кейін енді азаматтар келісімшарттарын Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізіп Әділет органдарының шешімін біраз уақыт  күтпесе де болады. Өйткені келісімге қатысты барлық ақпарат орталыққа нотариус арқылы бірден жеткізіледі. Жылжымайтын мүлік иесі тек мемлекеттік тіркеуге алынатын соманы VISA MASTERcard Maestro карталарының көмегін үкіметтік egov.kz электронды сайтында төлеуі керек. Және сіздің құжаттарыңыз тек алым сомасы түскеннен кейін ғана қаралатынын ескерген дұрыс. Сондай-ақ, электронды тіркеу үшін азаматтардан электронды қолтаңбаның болуы талап етілмейді. Мұндай жағдайда азаматтардың  ЖСН нөмірі интернеттің болуы банктің төлем картасының болуы маңызды. Интернет арқылы тіркеу жасау әсіресе мемлекеттік алымнан босатылған ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тиімді. Міне осындай оң өзгерістерден кейін Әділет органдарының қызметкерлері қозғалатын Әкімшілік істер санының азаятынына сенімді. Өйткені жылжымайтын мүлікті дер кезінде тіркемеген азаматтарға айыппұл салынатыны белгілі.

 

Сарқан ауданының Әділет

басқармасының инспекторы М.Аухадиев 

 

IMG 670411

Руководитель Департамента Юстиции Алматинской области Есенбеков Б.Т.
 

Требуется *

  Refresh Captcha 
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг