06.12.2014г.
«Ақсу өңірі» газеті, 06.12.2014ж.,№ 49
«Елім деп соқса әр жүрек»
Елбасы 2015 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетінімізді «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие екендігін баса назарға салды. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы еңбасты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі болып отырғандығымен қатар, тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш ететінімізді атап айтып өтті.
«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді. «Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге аспағандығын. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеткенімізді, ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен дінін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайта отырып, кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігін осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіс екенімізді жеткізді.
Сондықтан біз әрбір қазақстандық Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдап, Қазақстан дамуына өз үлестерімізді қосу жолында еңбектенуіміз керек. Әлемдік деңгейдегі өркениетті елдердің қатарынан лайықты орын алу-тек Елбасының ғана емес, бүкіл қазақстандықтар, біздің міндетіміз деп білеміз. Ұрпағына үлкен үмітпен, нық сенім артқан бабаларымыздың аманаты бізге тарих деген тағылыммен жеткен. Алуан түрлі сынақтан өткен тарих сонысымен құнды. Оның ақ-қарасын айырып таразылай білсек, бірлікті де тірлікті ғұмыр кешсек, әлі де талай асулардан асып, талай игілікке жетеріміз хақ.
Ақсу ауданы
Әділет басқармасының басшысы А. Раимкулов
|