02.01.2015г.
«Кербұлақ жұлдызы» газеті, 02.01.2015ж.,№ 1
Сыбайлас жемқорлық індет, оны жою міндет
1998 жылдың 02 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғандығы баршаға мәлім. Осы Заңның аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мемлекеттік органдар мен құқық қорғау қызметкерлеріне жүктелген. Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы азаматтардың конституциялық құқықтарына кері әсерін тигізеді, олардың заң алдындағы тең құқылық принціпі бұзылып, мемлекеттік билік беделіне елеулі нұқсан келтіреді. Осының негізінде бұл маңызды іске мемлекеттік органдар мен оның лауазымды тұлғалары, қоғамдық ұйымдар ат салысуда.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға тенестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артылықшықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артылықшықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау ол біздің баршамызға ортақ міндет екендігін естен шығармайық.
Кербұлақ аудандық Әділет басқармасының
инспекторы Д.Нурпеисова
|