09.01.2015г.
«Қаратал» газеті, 09.01.2015ж.,№ 2
«Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Елбасы жолдауы
Былтырғы жылдың 11 қарашасы күні өздеріңізге мәлім болғандай, Елбасы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Барлығы 24 млрд. доллар жұмсалады. Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша, ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті», «Мемлекет басшысы жақын жылдардың жаһандық сынақ уақытына айналатынын, сонымен қатар, бүкіл әлем архитектурасы өзгеріске ұшырайтынын алға тартты. Бұл кезеңнен кез келген мемлекет өте алмайды. Мұндай тарихи кезеңде Елбасы Қазақстанның тағдырына, қауіпсіздігіне, халқымыздың келешегіне алаңдамай тұра алмайды. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа және біртұтас бағдарлама ұсынды». Жаңа экономикалық саясаттың өзегі жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму жоспары болып отыр. Көлік, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік-тұрғын үй инфрақұрылымдарын дамыту бойынша кешенді жұмыс межеленген. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылу мен сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту да назардан тыс қалмады.
«Елбасы айқындаған осы жеті бағыт бойынша бүгіннен бастап Үкімет пен қоян-қолтық жұмыс жасап, жоспардың заңнамалық қамтылуына барлық жағдайды жасауымыз қажет. Бұл біздің міндет және жауапкершілік. Қазақстандықтар «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық бағдарламаны жан-жақты қолдайды деп сенемін».
Қаратал аудандық
Әділет басқармасының кеңесшісі М.Жұмахан
|