Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Президента РК 

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 Портал государственного языка

Главная Архив статей « Ата заңымыз- демократиялық қоғамның кепілі»

23.08.2010ж.

 

             « Ата заңымыз- демократиялық қоғамның кепілі»

 

     Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін 1993 жылы қабылданған  алғашқы ата заңымызды ары қарай жетілдіру уақыт талабынан туындаған еді.

     Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда еліміздің Конституциясы қабылданды. 

      Биыл 15 жылдығы тойланғалы отырған  Ата заңымыздың  тарихта алар орны бөлек.

 Ата заңымыз елімізді өтпелі кезеңнің дағдарыстарынан сақтап, еліміздің тұтастығы мен амандығын ұлтаралық татулығы мен ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етті.

     Соның нәтижесінде елімізде реформалық өзгерістердің белсенді қозғалыстары болды және мемлекетімізді басқарудың механизмін одан әрі жетілдірудің жолдарын ашты.

      Қолданыстағы Конституциямыз бүгінгі заманның барлық көкейкесті мәселелерін толық қамтыған және құқықтарымызға, мемлекет құрлысына толық түсінік бере алады деп айта аламыз.

      Қазақстанда мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну принципіне негізделіп құрылды.

      Ата заңымыз қабылдануының нәтижесінде, бұрынғы 1 палаталы жоғары кеңестің орнына 2 палаталы кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізетін, саяси партиялардың фракциялары өкілдік ететін Парламент құрылды.       

      Конституцияға сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Парламенті бүгінде мемлекеттік биліктің бір тармағына айналды.

     Үкімет мемлекеттік биліктің дербес бір тармағы ретінде Конституцияда белгіленген өкілеттіктерін жүзеге асыруда.   

     Конституция мемлекеттік биліктің үшінші тармағы сот төрелігін жаңадан құру қажет екендігін айқындап, оның құрлымын, қызмет істеу қағидаларын заңдастырды.

       Билік тармақтарын конституциялық жолмен бөлу және олардың бір бірімен қарым қатынасын ұштастыру әлемдік тәжірибеде мемлекеттің демократиялық механизмін нығайта түседі.

      Міне бұлардың бәрі Президенттік нысандағы біртұтас мемлекеттің ерекшеліктері болып табылады.

       Біртұтас Қазақстан мемлекеті сан ұлтты қазақстандықтарды  олардың ұлты мен басқа да белгілеріне қарамастан азаматтық тең құқықпен қамтамасыз етуде.

          Ел басы  «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан»  жолдауында, Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару, саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғандығына байланысты, өткен он жылдағы атқарылған жұмыстарды қортындылап, енді алдағы он жылда атқарылуға тиісті басты міндет, мақсаттарды айқындап берген еді.

     Осы басты міндеттердің бірі - дамуымыздың жаңа кезеңіне сәйкес саяси жүйені жаңарту яғни демократиялық реформалар жасау болды.

   Ел басының Жолдауында көрсетілген демократиялық реформалардың негізгі бағыттары «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңымен толығымен белгіленді. 

 

   Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Парламенттің өкілеттігі неғұрлым кеңейтіліп,Парламенттің Констиуциялық кеңесті,Орталық сайлау комиссиясын, Есеп Комитетін қалыптастырудағы сондай ақ, тұтастай алғанда бюджетті бекіту мен атқарылуын бақылаудағы өкілеттіктері ұлғайтылды.

    Парламенттің Үкіметті жасақтаудағы роль күшейтілді.

    Сот-құқық жүйесін жетілдіру мақсатында  тұтқындауға құзырлылықты соттарға беру туралы шешім қабылданды және соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілетін болады. Біртіндеп осы заманғы ашық тұрпатты сот өндірісі қолданылатын болады.

    Жергілікті өкілетті органдарды дамытуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады, оның ішінде маслихаттарды күшейтіп қосымша өкілеттіктер берілді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың  әкімі, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың  маслихаттарының  келсімімен тағайындалады.

    Уақыт өте келе аудандық маслихаттар жергілікті өзін өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айналады.  

  Жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың өзі дербес шеше алуын қамтамасыз етуге бағышталған жергілікті өзін өзі басқару институтын тану елеулі жетістіктердің бірі болып табылады.

    Ата заңымыз бүгінгі заманның барлық көкейкесті мәселелерін толық қамтыған және құқықтарымызға, мемлекет құрлысына толық түсінік бере алады деп айта аламыз.

 

      Елімізде жүргізіліп жатқан саяси өзгерістердің біз үшін басты мақсаты- бұл биліктің бір мезгілде елде саяси тұрақтылықты сақтап азаматтарымыздың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, қоғам мен мемлекетті басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету үшін осы заманғы демократиялық жолға қадам басу.  

       Біртұтас Қазақстан мемлекеті сан ұлтты қазақстандықтарды  олардың ұлты мен басқа да белгілеріне қарамастан азаматтық тең құқықпен қамтамасыз етуде.

    Оның тағы бір көрнісі - Ата заңға  2009 жылы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Мажіліс депутаттарының сайлауында  Мәжілістің 9 депутатының Қазақстан халқы Ассамблясынан сайлануы.        

      Конституцяда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары анық көрсетілген және “Адам және Азамат” деп аталатын бөлімінде 10-баптан 40-бапқа дейін 30-дай бап тек адам және азамат құқығы, бостандығына арналған.

    Бұл  Ата заңымыздың ең  басты қасиеттерінің бірі оның халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде адам мен  оның өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп тануының бір көрнісі болмақ.

      Конституцияда әркімнің өмір сүруге, өзінің жеке басының бостандығына,кадір қасиетіне, жеке өміріне және тұрғын үйіне қол сұғылмауына, әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға, қай дінге жататынын өзі анықтауға, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қарым қатынас,тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға,  денсаулығын сақтауға, білім алуға, еңбек етуге, әлеуметтік қамсыздандырылуына, сайлауға,  сайлануға, өзінің және отбасының құпиясы болуына, абройы мен ар-намысының қорғалуына құқықтары бар екендігі көрсетілген.

    Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі,құқықтары мен бостандықтары» деп айқын көрсетілуі осының нақты дәлелі болмақ.

     Еліміздің Конституциясының демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіндігі әлемде танылып отыр.

     Демократиялық мемлекеттерде Конституцияны дәріптеу - әр адамның азаматтық борышы деп саналады, оны оқып, білу міндетке айналған.

     Ата заңымыздың ережелерін орындай білу, оны құрметтеу, Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау Қазақстан Республикасының әрбір азаматының  басты міндеті болып табылады.

   Азаматтар ата заңда көрсетілген құқықтарын толық иеленумен бірге міндеттерін де толық орындауға тиісті  Сонда ғана ата заңның талаптары да толығымен орындалады..

     Конституцияның тұрақтылығы мемлекетіміздің, қоғамымыздың тұрақтылығының бірден бір кепі лі болмақ.

 

 

    Алматы облысы Әділет департаменті бастығының   

   орынбасары –Нұрпейісов Нұржан Тыныштықбайұлы                                      

 

Начальник Департамента Юстиции Алматинской области Айтмухаметов Д.А.

Обязательное поле *

Вы не указали Ваше имя!

Вы не указали Ваш E-mail!

Вы не ввели текст сообщения!

  Refresh Captcha 
Вы неверно ввели защитный код!
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг