Kazakh (CIS)Russian (CIS)

Наш адрес:
г.Талдыкорган
ул.Каблиса жырау 69 А
Тел: 21-08-15, 21-09-33
телефон доверия - 119

     
 

Министерство юстиции РК

База Закон

Официальный сайт Президента РК 

Официальный сайт Правительства РК

 Портал электронного правительства

 Портал государственного языка

Главная Архив статей Жергілікті мемлекеттік органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін тексеру нәтижесіндегі заң бұзушылық туралы

10.01.2011ж.

 

Жергілікті  мемлекеттік органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін тексеру нәтижесіндегі заң бұзушылық туралы

 

        Әділет органдары жергілікті мемлекеттік органдарының қабылдаған нормативтік құқықтық актілерінің заңдылықтарын тексеру барысында, Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Әділет органдары туралы» Заңын,  ҚР “Нормативтік құқықтық актілер туралы”  Заңын және Әділет министрінің 23.09.2002 жылғы №141 “ҚР Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары туралы ережені бекіту туралы”, ҚР Әділет министрінің «Орталық және жергілікті  мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін дайындау, ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және жариялау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», «Әділет органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерді дайындау, ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және жариялауды реттейтін заңдарды сақтауларына тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», «Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрықтарын басшылыққа ала отырып жүргізеді.

         Тексерудің міндеті нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі - НҚА-ді) мемлекеттік тіркеу және жариялау аймағындағы қолданыстағы заңдарды сақтауға бақылау жүргізуді қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың НҚА-ін мемлекеттік тіркеу және жариялау мәселелері жөніндегі  қолданыстағы заңдардың бұзылуын анықтау, мемлекеттік органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актілеріне қайшы келетін, азаматтардың құқықтарын,  бостандықтарын және міндеттерін, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің заңды мүдделерін қозғайтын көрінеу заңсыз шығарған нормативтік құқықтық актілерін анықтау және алдын алу; белгіленген тәртіппен күші жойылған, сот күші жоқ деп таныған не қолданылу күшін уәкілетті органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көрінеу заңсыз қолдануы, не белгіленген тәртіпте жарияламау фактілерін анықтау және алдын алу, НҚА-ді шығару, мемлекеттік тіркеу және жариялау мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсету болып табылады.      

       Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 38-бабына сәйкес, жалпыға міндетті маңызы бар,  азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тіркеу оларды қолданысқа енгізудің қажетті шарты болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші жоқ.

      Алайда, әділет органдарының тексеруімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 Қаулысымен бекітілген  Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Ережесінің (әрі қарай – мемлекеттік тіркеу ережесі) 2 тарауы 2 тармақшасын және 3-тарауына сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдар жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына бостандықтарына және міндеттеріне қатысты аталған мемлекеттік ұсыным шешімдерін мемлекеттік тіркеуге ұсынбай, қолданыста пайдаланып жүретін фактілер  кездеседі. 

      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 353 бабына сәйкес,  мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы,  айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппүл салуға әкеп соғады.

     Сондай-ақ, белгiленген тәртiппен кұшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған, белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы,  айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Аталған Кодексінің 354 бабына сәйкес,  көзделген жалпыға міндетті маңызы бар, жеке тұлғалардың құқықтырын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің заңдармен белгіленген ережелерін лауазымды адамдардың бұзуы, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Сондай-ақ, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес, заңсыз нормативтік құқықтық актілерді шығарғаны және қолданғаны, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібі бұзғаны үшін бірінші басшылар жауапкершілікте болады. 

     Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, лауазымды адамға қозғалған әкімшілік істі Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 640-бабына сәйкес, әкімшілік жаза қолдану үшін хаттама мен іс құжаттарын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жер бойынша аудандық сотына жібереді.

 

Алматы облысы

Әділет Департаменті

Ф.Т.Тілеумұратова   

 

 

Начальник Департамента Юстиции Алматинской области Айтмухаметов Д.А.

Обязательное поле *

Вы не указали Ваше имя!

Вы не указали Ваш E-mail!

Вы не ввели текст сообщения!

  Refresh Captcha 
Вы неверно ввели защитный код!
 
 
 
2010 © Департамент юстиций Алматинской области сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг