|

|
|
Статьи
15.01.2015г.
газета «Бизнес Дайджест Капшагая»,15.01.2015г.,№ 1
«Нурлы жол» - новые возможности для казахстанцев
Стратегические цели, обозначенные Президентом Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым в новом Послании, направлены на продолжение структурных реформ в нашей экономике. Поддержка малого и среднего бизнеса, развитие транспортно-логистической инфраструктуры, предоставление доступного жилья с низкой ипотечной ставкой, модернизация ЖКХ – это лишь часть направлений, на реализацию которых будут брошены все силы Казахстана и его граждан.
По поручению Нурсултана Назарбаева было выделено 100 млрд.тенге, направленные из Национального фонда на поддержку и кредитование малого и среднего бизнеса, что в свою очередь помогло создать 4,5 тыс. новых рабочих мест. Глава государства такжезаявил о том, что за счёт государства будут строить социальное арендное жильё и предоставлять его населению в долгосрочную аренду с правом выкупа.
Как известно, наш Президент уделяет огромное внимание экономическому росту, повышению благосостояния народа и духовно-культурному развитию в стране.
Ключём будущего, как отметил Глава государства – является толерантность, единство, стабильность и согласие в Казахстане. Сегодня в нашей республике как и за её пределами огромным уважением пользуется Ассамблея народа Казахстана, которой в следующем году исполняется 20 лет. Как известно, согласие народов выступает в качестве основы социальной солидарности, а толерантность – в качестве ключа к успешному будущему Казахстана.
Особое внимание направлено также и на развитие социальной инфраструктуры. Для развития общеобразовательных школ и кардинального сокращения дефицита мест в дошкольных организациях дополнительно выделена огромная сумма – свыше 90 млрд. тенге.
Между тем, в числе ключевых приоритетов Глава государства назвал развитие транспортной инфраструктуры. В соответствии с этими требованиями повсеместно обновляются планы ремонта и строительства дорог. Нурсултан Абишевич выразил уверенность в том, что только за счёт строительства дорог будут созданы новые 200 тысяч рабочих мест.
Кроме того, планируется дополнительное выделение 500 миллиардов тенге из Национального фонда на так называемые инфраструктурные проекты, в том числе 100 миллиардов - на льготное кредитование бизнеса и 250 миллиардов - на оздоровление банковского сектора. Также 40 миллиардов тенге предполагается направить на проведение выставки ЭКСПО-2017. В частности, планируется развитие транспортной инфраструктуры и строительство нового терминала аэропорта Астаны. При этом, 70 миллиардов тенге намерены направить на сокращение дефицита мест в детских садах и ликвидацию трёхсменного обучения в школах.
Таким образом, новая экономическая политика, объявленная Президентом, несомненно, станет двигателем роста экономики не только на 2015 год, но и в перспективе на ближайшие годы.
Главный специалист
Управления юстиции города Капшагай С.Мукашева
|
|
09.01.2015г.
«Талдау хабаршысы»газеті, 08.01.2015ж.,№ 1
«Қазақ тілі, менің ана тілім»
Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы, әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. “Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру, - Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы”. Ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі.
Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру. Сондықтан, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.
Туған тілдің абыройын асқақтату әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің, елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі зор.
Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс.
Сарқан ауданының
Әділет басқармасының басшысы А.Сейпейов
|
09.01.2015г.
«Қаратал» газеті, 09.01.2015ж.,№ 2
«Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Елбасы жолдауы
Былтырғы жылдың 11 қарашасы күні өздеріңізге мәлім болғандай, Елбасы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Барлығы 24 млрд. доллар жұмсалады. Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша, ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті», «Мемлекет басшысы жақын жылдардың жаһандық сынақ уақытына айналатынын, сонымен қатар, бүкіл әлем архитектурасы өзгеріске ұшырайтынын алға тартты. Бұл кезеңнен кез келген мемлекет өте алмайды. Мұндай тарихи кезеңде Елбасы Қазақстанның тағдырына, қауіпсіздігіне, халқымыздың келешегіне алаңдамай тұра алмайды. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа және біртұтас бағдарлама ұсынды». Жаңа экономикалық саясаттың өзегі жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму жоспары болып отыр. Көлік, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік-тұрғын үй инфрақұрылымдарын дамыту бойынша кешенді жұмыс межеленген. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылу мен сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту да назардан тыс қалмады.
«Елбасы айқындаған осы жеті бағыт бойынша бүгіннен бастап Үкімет пен қоян-қолтық жұмыс жасап, жоспардың заңнамалық қамтылуына барлық жағдайды жасауымыз қажет. Бұл біздің міндет және жауапкершілік. Қазақстандықтар «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық бағдарламаны жан-жақты қолдайды деп сенемін».
Қаратал аудандық
Әділет басқармасының кеңесшісі М.Жұмахан
|
02.01.2015г.
«Кербұлақ жұлдызы» газеті, 02.01.2015ж.,№ 1
Сыбайлас жемқорлық індет, оны жою міндет
1998 жылдың 02 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғандығы баршаға мәлім. Осы Заңның аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мемлекеттік органдар мен құқық қорғау қызметкерлеріне жүктелген. Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы азаматтардың конституциялық құқықтарына кері әсерін тигізеді, олардың заң алдындағы тең құқылық принціпі бұзылып, мемлекеттік билік беделіне елеулі нұқсан келтіреді. Осының негізінде бұл маңызды іске мемлекеттік органдар мен оның лауазымды тұлғалары, қоғамдық ұйымдар ат салысуда.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға тенестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артылықшықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артылықшықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау ол біздің баршамызға ортақ міндет екендігін естен шығармайық.
Кербұлақ аудандық Әділет басқармасының
инспекторы Д.Нурпеисова
|
01.01.2015г.
«Сарқан»газеті, 01.01.2015ж.,№ 1
Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерін тіркеу кезінде
кездесетін қыйыншылықтары туралы
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері жеке меншік құқығына сатып алу жолымен, уақытша жер пайдалану құқығымен ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге, сонымен қатар өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі. Жер учаскесі ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығында болады.
Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат онда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық меншiк иелерi (жер пайдаланушылар) көрсетiле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерiне ресiмделедi.Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу кезінде құқық белгілейтін құжатта қандай да бір шаруашылықтың бүкіл мүшелері көрсетілуі тиіс.
Мемлекеттік тіркету кезінде барлық үлескер мүшелерінің жеке куәлік және салық төлеуші куәлік көшірмелері, мүшелердің тізімі ұсынылады.
Сондай – ақ, шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің құрамы өзгерген кезде, оның ішінде мұраға қалдыруға, шығуға, жаңа мүшелердің қосылуына байланысты шаруа немесе фермер қожалығының жаңа мүшелерінде жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауы және үлескер мүшелерінің өзгеруі құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге тиіс. Сонымен қатар шаруа немесе фермерлер қожалықтары қандайда бір келісім жасасуға келген жағдайда мүшелерінің нотариалдық келісіміналулары тиіс.
Сарқан ауданы Әділет басқармасының
Жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің маманы А. Салыкова
|
25.12.2014г.
газета «Бизнес Дайджест Капшагая», 25.12.2014ж.,№ 48
«Обязательность регистрации прав на недвижимость»
В соответствии со статьей 118 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть) права на недвижимое имущество подлежат обязательной государственной регистрации. Право собственности и другие права на недвижимые вещи, ограничения этих прав, их возникновение, переход и прекращение возникают с момента государственной регистрации.
Согласно статье 1 Закона Республики Казахстан "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество " государственная регистрация прав на недвижимое имущество является обязательной процедурой признания и подтверждения государством возникновения, изменения или прекращения прав (обременении прав) на недвижимое имущество и иных объектов государственной регистрации в правовом кадастре в порядке и сроки, установленные данным законом.
Сроки регистрации прав на недвижимость: Статья 9 указанного Закона устанавливает, что лицо обязано обратиться с заявлением о государственной регистрации не позднее 6 месяцев с момента наступления юридического факта, являющегося основанием для возникновения права (обременения права), в том числе нотариального удостоверения договора, вступления в силу решения суда, выдачи иных правоустанавливающих документов.
Ответственность за несвоевременную регистрацию прав на недвижимость:
Статьей 354-3 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях установлена административная ответственность за нарушение физическими и юридическими лицами установленного законом срока подачи документов на государственную регистрацию прав на недвижимое имущество. Это влечет следующий штраф:
на физических лиц в размере - 10 месячных расчетных показателей (МРП);
на юридических лиц - в размере 20 МРП.
Отдел регистрации прав на недвижимого имущество
Управления юстиции города Капшагай
|
12.12.2014г.
«Кербұлақ жұлдызы» газеті, 12.12.2014ж.,№ 50
Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілік
Тәуелсіздік - ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын – қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды.
Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының исеі болуын қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. Жыл сайынғы ел Президентінің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған.
Тәуелсіз еліміздің туы күннен-күнге биіктеп, халықаралық аренадағы беделінің күн санап артып келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатып, қиялымызға қанат қақтырады. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ!
1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 23 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек, 23 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Тарихымыз бай, бүгініміз баянды, ертеңіміз жарқын боларына сенеміз.
Кербұлақ ауданы
Әділет басқармасының кеңесшісі М.Турсумбаева
|
06.12.2014г.
«Ақсу өңірі» газеті, 06.12.2014ж.,№ 49
«Елім деп соқса әр жүрек»
Елбасы 2015 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетінімізді «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие екендігін баса назарға салды. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы еңбасты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі болып отырғандығымен қатар, тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш ететінімізді атап айтып өтті.
«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді. «Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге аспағандығын. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеткенімізді, ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен дінін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайта отырып, кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігін осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіс екенімізді жеткізді.
Сондықтан біз әрбір қазақстандық Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдап, Қазақстан дамуына өз үлестерімізді қосу жолында еңбектенуіміз керек. Әлемдік деңгейдегі өркениетті елдердің қатарынан лайықты орын алу-тек Елбасының ғана емес, бүкіл қазақстандықтар, біздің міндетіміз деп білеміз. Ұрпағына үлкен үмітпен, нық сенім артқан бабаларымыздың аманаты бізге тарих деген тағылыммен жеткен. Алуан түрлі сынақтан өткен тарих сонысымен құнды. Оның ақ-қарасын айырып таразылай білсек, бірлікті де тірлікті ғұмыр кешсек, әлі де талай асулардан асып, талай игілікке жетеріміз хақ.
Ақсу ауданы
Әділет басқармасының басшысы А. Раимкулов
|
06.12.2014г.
«Сарқан» газеті, 06.12.2014ж.,№ 49
Жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселесі
Жылжымайтын мүлікке қатысты заң бұзушылықтардың жиі орын алатынын халық хабардар. Мұндай олқылық көбінесе халықтың құқықтық сауатының жоқтығынан орын алып жатады. Ал осындай кемшілікпен бетпе-бет келмес үшін қазір жылжымайтын мүлікке қатысты келісім жасалмас бұрын сатып алушы мен сатушы жылжымайтын мүліктің кепілде тұрған-тұрмағандығын көрсететін анықтамаға тапсырыс береді. Мүліктің кепілде тұрмағаны оған қатысты мәселенің жоқтығы анықталған жағдайда тараптар нотариустың қызметіне жүгінеді. Осыдан кейін ғана нотариус тараптардың келісімімен заң жүзінде бекітеді. Келісім жасалған соң сатып алушы құжаттарын алып, Халыққа кызмет көрсету орталығына барады. Орталыққа өткізілген құжаттар Әділет басқармасында жан жақты тексеріліп, егер бәрі заң талаптарына сай болған жағдайда жылжымайтын мүлік тіркеуге алынады. Ал қандай да бір кемшілік болған жағдайда мүлік тіркелмей құжаттар кері қайтарылады. Міне осы шаралардың өзі белгілі бір уақытты алады, азаматтардың қолын байлайды. «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізілген оң өзгерістердің нәтижесінде енді осы процестің уақыты жеделдетілді. Құжатты тіркеу мерзімі енді бір күннің ішінде жүзеге аспақ. Яғни Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлікке құқықты электронды тіркеу әдісінің енгізілуі тіркеу әдісінің енгізілуі азаматтардың уақытын үнемдеуге көмектеседі, Бұл калай жүзеге асады? Ең алдымен жылжымайтын мүлікке құқық беретін келісімді нотариус бекіткеннен кейін құжат көшірмесі бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге автоматты түрде жіберіледі. Және бұл жерде тек нотариус куәлік еткен құжаттардың ғана осы жүйе арқылы электронды тіркелетінін ескерген жөн. Ал басқа құқық беруші құжаттар мәселен жергілікті әкімшілік шешімдер қалыпты режимде тіркеледі. Міне осындай өзгерістерден кейін енді азаматтар келісімшарттарын Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізіп Әділет органдарының шешімін біраз уақыт күтпесе де болады. Өйткені келісімге қатысты барлық ақпарат орталыққа нотариус арқылы бірден жеткізіледі. Жылжымайтын мүлік иесі тек мемлекеттік тіркеуге алынатын соманы VISA MASTERcard Maestro карталарының көмегін үкіметтік egov.kz электронды сайтында төлеуі керек. Және сіздің құжаттарыңыз тек алым сомасы түскеннен кейін ғана қаралатынын ескерген дұрыс. Сондай-ақ, электронды тіркеу үшін азаматтардан электронды қолтаңбаның болуы талап етілмейді. Мұндай жағдайда азаматтардың ЖСН нөмірі интернеттің болуы банктің төлем картасының болуы маңызды. Интернет арқылы тіркеу жасау әсіресе мемлекеттік алымнан босатылған ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тиімді. Міне осындай оң өзгерістерден кейін Әділет органдарының қызметкерлері қозғалатын Әкімшілік істер санының азаятынына сенімді. Өйткені жылжымайтын мүлікті дер кезінде тіркемеген азаматтарға айыппұл салынатыны белгілі.
Сарқан ауданының Әділет
басқармасының инспекторы М.Аухадиев
|
06.12.2014г.
«Хантәңірі» газеті, 06.12.2014ж.,№ 45
Тәуелсіздік – бақытымыз
Міне, жылжыған жылдар, зымыраған күндер аясында Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығын қарсы алғалы отырмыз. Көңілімізді тербер ой көп. Жанымызды баурар қуаныш та көп. Әсіресе, ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздік жылдары дүниеге келіп, өз алдына шаңырақ көтерген туған Отанымыздың құшағында өмір сүріп келе жатқан біз секілді жастардың бақыты - ерен, шаттығы - шадыман.
Кеше ғана Тұңғыш Президентіміздің күнін атап өттік. Бізге, біз секілді жас ұрпаққа Тәуелсіз мемлекетіміз қандай қымбат болса, тұңғыш Президентіміз, Ұлтымыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі мен есімі сондайлық құрметті. Елбасымыз десек, сүйікті туған Отанымыз көз алдымызға келеді. Тәуелсіз Қазақстан десек, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жанарымызға ұялайды.
«Біздің ең басты байлығымыз – Тәуелсіздігіміз» деп Елбасымыз үнемі айтып отырады. Ата-бабаларымыз сан ғасыр білектің күшімен ала алмаған Тәуелсіздігіміз қазақ елінің басына орнады. Бағын ашты. Бақытын баянды етті. Халқымыз, туған жерімізді мекендеген сан ұлттың өкілдері мемлекет дамуымен бірге талай-талай қиын күндерді, нарыққа бейімделген өтпелі кезеңдерді басынан өткерді. Дағдарыс толқындарынан өтті. Кеше ғана халқымызға жаңа Жолдауын арнаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлемде мұнай бағасының құлдырауына байланысты дүние жүзін шарпымай тұрмайтын дағдарыстың кезекті толқынының алдын алуға бағытталған іс-шараларын қолға алды. «Нұрлы жол» деп аталатын жаңа экономикалық саясатын бастады. Ұлттық қорымыз арқылы күннің шуағы сияқты Астанадан бастап әлемге жалғасатын түрлі жолдарды жасауды, шағын және орта бизнесті одан әрі қаржылай қолдауды, бітпей қалған жобалы істерді аяқтауды көздейтін басты бағыттарды,жұмсалатын қаражатты айқындап берді. Сол арқылы мемлекет тұрақтылығын сақтауды, ел экономикасын жақсартуды, халықтар арасындағы татулық пен біррлікті, тұтастықтықты ту етуді мақсат етіп отыр.
Біз Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын, жастардың келешегін ойластырып отырған Елбасымыздың саясатын, жаңа Жолдауын барынша қолдаймыз. Осы Жолддауында да Елбасымыз жастарға үлкен сенім артатынын тағы да атап өтті. Бұл бізді жастарды қуанта түседі. Жаңа істерге жетелейді. Тәуелсіздігіміздің арқасында, Елбасымыздың өңірлерді дамыту бағдарламасының жемісіндей Райымбек ауданында да көптеген игіліктер өмірге келді. Былтыр Кеген ауылынан 280 орынды жаңа балалар бақшасы салынды. Биылдың өзінде аудан орталығында күніне 250 адам қабылдайтын жаңа емхана салынып, пайдаланылуға берілді. Жаңа тарихи өлкетану мұражайы есігін ашты. Ауданымызға іс сапармен келген облысымыздың әкімі Амандық Баталов болашақта Кеген ауылынан жастар спорт сарайын салып беруге көмек, қолдау көрсететінін айтты. Бұл да бізді қуанта түседі.
Тәуелсіз Отанымыз күннен күнге, жылдан жылға жаңғырып, жайнап, құлпыра берсе екен. Бейбітшілік бесігінде тербетілген құшағында алаңсыз еңбек етіп, бақытымыздың базарын тасытып жүрсек болғаны.
Райымбек аудандық Әділет
басқармасының инспекторы Ф.Ысқақова
|
06.12.2014г.
«Нұрлы өлке» газеті, 06.12.2014ж.,№ 48
Қапшағай қаласында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті
Тұрғындардың құқықтық білімін жоғарылату бойынша іс-шаралардың аясында осы жылдың 03-05 желтоқсан айының аралығында БАҚ, мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Әділет кеңес береді» атты акциясы бастау тапты. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қаласы филиалының кеңесшісі С.Абдыхалыков, Әділет басқармасының басшысы Р.Жүсіпова, бас маманы-С.Мұқашева, жеке сот орындаушысы - А.Абдыкадырова, «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы С.Вижунов, нотариустар, адвокаттар, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің инспекторы А.Бастаубаева, А.Мадъярова және Е.Торекеев, халыққа қызмет көрсету қызметкерлері қатысты.
2014 жылғы 03 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қапшағай қаласы Әділет басқармасының қызметкерлері, нотариустарымен, адвокаттарымен және жеке сот орындаушыларымен бірлесе "Әділет кеңес береді" акциясын ұйымдастырды.
Аталмыш іс-шарада Қапшағай қаласының заңгерлік кеңесінің адвокаттары М.Шарапова, Г.Талипова, Г.Туленова, нотариустары А.Омарова, А.Досбекова, Л.Байелова қатысты, Т.Базарбаев, жеке сот орындаушысы – А.Абдыкадырова.
Бұл акцияны өткізудің мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтық сана сезімді және азаматтардың жауапкершілігін көтеру болып табылды, сонымен бірге электрондық тіркеу арқылы нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыруда заңдылықты қамтамасыз ету.
Тұрғындармен кездесу барысында барлық қойылған сұрақтарға нақты және толық жауаптар берілді. 20-ға жуық адам қатысты.
2014 жылғы 04 желтоқсанда Қапшағай қаласы Әділет басқармасының бас маманы С.Мұқашева «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қапшағай қаласының филиалының төрағасы Сергей Владимирович Вижуновпен және «Нұр Отан» партиясының Қапшағай қалалық филиалының маманы С.Е.Абдыхалыковтың қатысуымен, «Ардагерлер ұйымы» мүшелерімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күндерін мерекелеуге орай кездесу өткізілді. Кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саясатының арқасында тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемелекеттің қалыптасуы туралы мәселелер талқыланды.
Мақсаты: Қапшағай қаласының ардагерлерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күндерімен құттықтау және талқылау.
2014 жылғы 05 желтоқсанда Қапшағай қаласының «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Әділет кеңес береді» Әділет басқармасының қызметкерлерімен акция ұйымдастырылды.
Аталған іс-шарада Қапшағай қаласы Әділет басқармасының бас маманы С.Мұқашева, жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметінің инспекторы А.Бастаубаева, «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымының Қапшағай қалалық филиалының төрағасы С.Вижунов, «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі С.Абдыхалыков, нотариус А.Оразбаев, «Арнайы күзет қызметі» ММ қызметкерлері атынан полиция ротасының командирі А.Бондарев, бұқаралық баспасөз құралдарының өкілдері қатысты.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі басымды бағыттар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, сонымен бірге азаматтық позицияны белсендіру және ұрпақта Отанға деген махаббат пен патриоттық сезімді, «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің мағынасының маңызы туралы.
Бұл іс-шара негізінен жылы және тартымды жағдайда өтті, барлық қойылған сұрақтарға әділет қызметкерлері толық жауаптар қайтарды.
Осылайша, акция өткізу кезінде келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға сапалы да толық жауаптар берілді. Барлығы аталған іс-шарада 35 адам қатысты.
2014 жылғы 03-05 желтоқсан айының аралығында әділет басқармасына қойылған сұрақтар саны-15, оның ішінде: АХАЖ тіркеу жөнінде-3, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу туралы-5, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша-1, нотариат бойынша-2, адвокат бойынша-1, сот актілерін орындау бойынша-3. Қорыта келсек -1 сұрақ шешілді, 14 сұрақ түсіндірілді.
Қапшағай қаласы Әділет басқармасы
|
|
|
|
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>
|
Страница 1 из 59 |
|
|

 |

Руководитель Департамента Юстиции Алматинской области Есенбеков Б.Т. |
|
 |
|
|